ЖаңалықтарҚоғам

«Теңізшевройл» қызметкерлерінің жұмысқа деген махаббатын қалай оятады?

Кез келген компанияның жетістікке жетуі бірнеше фактормен өлшенеді: бизнес философиясынан бастап корпоративті мәдениеттің қалыптасуына дейін. Басты мақсат – қызметкерлер үшін ең қолайлы жағдай жасап, олардың компания дамуына өз үлестерін қосу. Корпоративті мәдениет ұжымды бір мақсатта жұмылдырып, оның биік нәтиже көрсетуіне қалай көмектеседі? KIOGE 2022 көрмесі аясында екі жыл қатарынан «Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші» компания атанған «Теңізшевройл» басқа да қазақстандық кәсіп орындарына өздерінің тәжірибелерін ұсынды.

Келер жылы «Теңізшевройлға» 30 жыл толады. Осы жылдар ішінде компания ұжымның өзара қарым-қатынасына байланысты бірнеше гипотезаны сынап көрді. Ең негізгі деп қарапайым болса да, сол кезде ең маңызды деп танылған түсініктер қабылданды. Олар: адалдық, сенім, әріптестік қарым-қатынас, өзгелерге және қоршаған ортасына деген құрмет пен еңбекті сақтау. ТШО мынандай тұжырымға келді: егер қызметкер компания мәдениеті мен құндылықтарын бөліссе, олар ортақ бір команда бола алады, бір организм секілді жұмыс істеп, күнделікті тапсырмалардың шешімін тауып, ең ұтымды тәжірибелерді пайдаланып, бірге дами алады. Ақырында компанияда кез келген идея, кез келген инновациялық жобаларды бағалайды әрі олардың дамуына үлес қосады. Тіпті мұнда арнайы идеяларды ұсынуға арналған платформа бар, онда қызметкерлер өз идеяларын ұсынады, ол тексеруден, анализден өтеді. Егер пайдалы болса, міндетті түрде жүзеге асырады.

Бұдан бөлек, мұнай-газ компаниясының менеджментінде біржақты немесе декларативті бастамалар қабылданбайды. Аталған құндылықтар мен ұстанымдарды анықтайтын «ТШО жолы» деп аталатын құжатта толығымен көрсетілген. Ол біздің кім екенімізді, неге сенім артатынымызды, мақсатқа қалай жететінімізді түсіндіріп береді. Дәл осы құжаттар біздің ғана емес, айналамыздағы бізбен серіктес болған адамдардың құндылықтарын, мінез-құлықтарын түсінуге көмектеседі.

Корпоративті мәдениетті қалыптастырудағы ең маңызды бір құрал – «Адал бол» бағдарламасы. Қазақ тілінде мұны «адалдық» деп та атайды. Оның мақсаты – ТШО қызметкерлерінің компания саясатына қатысты талаптарды, компания беделіне нұқсан келтіретін түрлі тәуекелдер мен жағымсыз әрекеттерді болдырмау әрі норматив бойынша аталған мәселелерді нығаюына, одан әрі артуына көңіл бөлу.

Тағы бір айта кететін маңызды нәрсе, ТШО-да сенім телефоны жұмыс істеп тұр. Бұл заңнама немесе компания саясатының талаптарын бұзуы мүмкін әрекеттер туралы хабарлаудың құпия және қауіпсіз әдісі. Сенім телефоны аптасына жеті күні, тәулік бойы жұмыс істейді. Мәселен, компания қызметкерлерінің бірі күдік тудыратын немесе сізге оның заңнаманы бұзғаны, компания саясатына қарсы әрекет жасағаны белгілі болса, сенім телефоны арқылы анонимді түрде хабарлауға болады. Әр келген хабарлама жіті тексеруден өтіп, соңында тиісті шара қолданылады. Міне, осы пайдалы әдістердің бәрі «Теңізшевройл» компаниясының корпоративті мәдениетін жоғары деңгейде ұстап тұруға септігін тигізеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button