Қоғам

Карантин кезінде алаяқтар көбейді: Қалай сақтанамыз?

Карантин кезінде көптеген адамдар жұмысынан қағылып, табысы күрт азайып кетті. Бизнестің кейбір салалары да қиындыққа тап болды.

Осындай экономикалық қиындықтар туындаған кезде қаржылық алаяқтар пайда бола бастады. Олар азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі тәсілдермен олардың ақшасын иеленуге тырысады.

Жалған брокерлерден, қаржылық беделді қалпына келтірушілерден және «қара» кредиторлардан қалай сақтануымыз керек?

«Qadam.asia» карантин кезіндегі алаяқтардан сақтанудың жолдарын ұсынады.

«Крантиндегі алаяқтар» дегеніміз кімдер?

Пандемияға байланысты адамдардың еркін қозғалуына шектеулер енгізілгендіктен, азаматтар әлеуметтік желілердегі қызметтер мен тауарларды белсенді пайдалана бастады.

Халықтың әлеуметтік желілердегі мұндай белсенділігі алаяқтық айла-шарғы жасау үшін қолайлы негіз болды.

Маңызды:

Олардың көпшілігі адамдарды алдаудың және алдап ақша алудың құралы ретінде фишингтік сайттарды, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді пайдаланады.

Есте сақтаңыз:

Олар кімдер?

  • Аз ғана ақша үшін тіпті бүлінген кредиттік тарихпен кредит беруге дайын «қара» кредиторлар;
  • кредиттік тарихты түзетуге уәде беретін әртүрлі агенттіктер;
  • борыштан, кредиттерден, коллекторларға байланысты проблемалардан құтқарушылар;
  • классикалық қаржы пирамидалары;
  • жалға интернет-дүкендерін береміз деп сендіретін алаяқтар.

Ең қауіптісі, олар интернет ресурстарында барған сайын көбейіп келе жатыр.

Кредитті алу қаншалықты оңай болса, соншалықты сенімсіз

Өкінішке қарай, Instagram, Facebook, Vkontakte, WhatsApp, Telegram сынды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер осындай жалған компанияларды жылжытуға арналған алаңға айналды.

Шындығында қайтадан кредит алуға кедергі болатын факторлар:

  • нашар кредиттік тарих;
  • міндеттемелерді өтеу мерзімін кейінге қалдыру;
  • жаңа қарыз алуға салынған уақытша тыйым.

Осы факторлар орын алған жағдайда, сіз қанша қиналып тұрсаңыз да кредит ала алмайсыз.

Маңызды:

  • олар әлеуметтік желілерде өздеріне белсенді түрде жарнама жасайды;
  • сізде ең жаман кредит тарихы болса да, кредит бере алатындарын айтады;
  • өзге банктерде он кредитіңіз болса да, кредит беруге уәде етеді;
  • сізді сендіру үшін телефоныңызға тынымсыз қоңырау шалады;
  • компания атынан SMS жіберіп, сеніміңізге кіреді.

Сіздің кредиттік тарихыңыз мұндай күмәнді тұлғаларға немесе компанияларға кедергі емес.

Есте саңтаңыз:

Әдетте, жеңіл жолмен алынатын кредит ұсына отырып, сіздің жеке деректеріңізді, банк карталарыңызды алып алуы мүмкін.

Кредит рәсімдеу үшін алдын ала ақы сұрауы мүмкін. Содан соң сенгіштігіңізді пайдаланып бақыр тиынсыз қалдырады да, жоғалып кетеді.

Мұндай алаяқтықтың схемалары көп, жолы біреу –  клиентті жеңіл жолмен кредит алуға қызықтыру.

Кредит тарихын қалай қалпына келтіреміз?

Карантин мен қаржылық дағдарыстың салдарынан кірісінің азаюына байланысты көптеген адамдар банктен кредит алуға шешім қабылдайды.

Алайда, кредит тарихы нашар болғандықтан, банктен қарыз ала алмайды. Тіптен, кредиттер мен қарыздар бойынша мәселелерді уақтылы шеше алмай жатады.

Маңызды:

Осындай жағдайда қаржылық тұрғыдан сенімді адам ретінде оның портретін қалпына келтіруге, кредит тарихын түзетуге, кредиторлармен, коллекторлармен мәселелерді шешуге және борыштық міндеттемелерден толығымен тазартуға уәде еткен агенттер адамның қиын жағдайын пайдаланады.

Есте саңтаңыз:

Кредиттік бюро қызметіне ешқандай жеке агенттіктер немесе компаниялар араласа алмайды. Яғни, сізді ешкім борыштан құтқара алмайды.

Тек сізге қарыз берген банк қана өтеу кестесін қайта қарай алуы немесе кредитті өтеу бойынша өзге жеңілдетілген шаралар қабылдай алуы мүмкін.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button