Бизнес

Әлемде алтын қымбаттады: Ұлттық банктің валюта қоры көбейді

Қазақстан Ұлттық банкінің алтын қоры көбейді. Бір айдың ішінде 690 млн доллардың алтыны қосылып, алтын-валюта қорының құны 34,4 млрд долларға тең болды.

Алтын қорының қымбаттауына АҚШ-тағы алтынның қымбаттауы себеп болған. Америкада алтынның бір унциясы 1685 доллардан 1769 долларға дейін қымбаттады. Яғни, баға 5 пайыз көтерілді. Соның арқасында Америкада 1,3 млрд доллардың алтын порфелясы да қымбаттап шыға келген.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, алтынның бағасы күн сайын өсіп барады. Әсіресе, доллардың бағамы түскеннен бері алтынның да унциясы көтеріліп, 1840 долларға жеткен.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button