Қазақстанда іске қосылған жаңа пернетақтаның 5 ерекшелігі
ХХІ ғасыр – ақпарат пен технологияның дамыған заманы. Адамдарға барынша жеңіл әрі сапалы, жылдам қызмет көрсететін сервистер мен қызметтердің жұмысы жүріп тұр. Қазақстан үшін де бұл маңызды рөл атқарады.
Еліміздегі IT саласы дамып келеді. Оған дәлел ретінде түрлі мысалды атауға болады. Дегенмен соның ішінде One Technologies компаниясының ForteKey өніміне жеке тоқталсақ. Бұл пернетақтаның ерекшеліктері туралы айтсақ.
1. Ыңғайлы сервис
Бұл пернетақта кез келген адам үшін өте ыңғайлы сервис. Себебі ол сіздің смартфонда, соның ішінде пернетақтада орналасқан. Төмендегі суреттен оның қай жерде, қалай орналасқаны туралы ақпаратты көре аласыз.
2. Қазақ тіліндегі дайын пернетақта
Пернетақта 3 тілде жұмыс істейді. Қазақ, ағылшын және орыс тілінде пайдалана аласыз. Сонымен қатар, қазақ тілінде диалог құрып отырып, банк қызметін де пайдалана аласыз.
Жазу кезінде қате кетсе, сізге көмекші ретінде T9 бар.
3. Жылдам
20 секунд ішінде төлем жасап, бірлік жіберіп, ақша аударып та үлгересіз. Бұл сервистің ерекшеліктерінің ең бірі әрі бірегейі. Уақыт тапшы заманда, уақытты босқа жібермес үшін пернетақта сізге керек жылдам сервисті ұсынады.
4. Бәрі бір жерде
Банк қызметін пайдалану үшін арнайы мобильді қосымшаға кіріп, кілт сөзді теріп, кейін барып тұтынушының нөмірін терсеңіз, енді бұл бір жерге тоғысты.
Бұдан кейін аталған пернетақтаны кез келген жерде пайдаланып, банк қызметтерін орындай аласыз.
Ол үшін тек қана «Forte» мобильді қосымшасын жүктеп алу керек.
5. Халыққа арналған әлеуметтік жоба
Бұл пернетақта қазақстандықтарға арналған әлеуметтік жоба. Жобаның басты мақсаты қазақ тілінде қызмет көрсету сапасын арттыру әрі қазақша жазуға халықты үйрету. Сол үшін де сервисте қазақ тілінде хат жазуға мүмкіндік жасалған.
Сіз жас болыңыз, жаңа технологияны түсінбейтін егде жастағы адам болыңыз, бұл сервис қолдануға жеңіл. Себебі жоба халық үшін.