Әлемдік Forbes-ке Қазақстанның 7 бай адамы енді
Американың Forbes дәулетті адамдар тізіміне Қазақстанның 7 байы енді, оның үшеуі – тізімге жаңа ілінгендер.
Сонымен, Forbes тізіміне енген қазақстандық байлар мыналар: Владимир Ким, Болат Өтемұратов, Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе, Тимур Құлыбаев, Динара Құлыбаева және Тимур Турлов.
Ең бай Владимир Кимнің активтерінің құны 4,6 млрд долларға бағаланды, ал бір жылда тапқан табысы 900 млн доллар. Бірақ биылғы әлемдік рейтингте 128 орынға төмендеп кетті. Былтыр 494 орында тұр еді, биыл 622 орынға жайғасты.
Болат Өтемұратов – 891 орында. Дәулеті – 3,4 млрд доллар. Бір жылда 700 млн доллар табыс тапты.
Ал Тимур Құлыбаевтың бақ-дәулеті – 2,8 млрд доллар (1111 орында). Бір жылда 368 орынға кері кетті. Былтыр 743 орында болған.
Kaspi.kz компаниясының акционері Вячеслав Кимнің дәулеті – 3,3 млрд доллар, ал негізін қалаушы Михаил Ломтадзенікі – 3,2 млрд доллар.
Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турловтың байлығы – 2,1 млрд доллар.
Бұл соңғы үшеуі де Forbes тізіміне бірінші рет еніп тұр.
Ал әлемнің ең ауқатты байы – бұл Amazon корпорациясының негізін салушы Джефф Безос. Оның байлығы – 177 млрд доллар. Бір жылда 64 млрд доллар табыс тапқан.
Екінші орында – Илон Маск тұр, дәулеті – 151 млрд доллар. Маск бір жылда 126 млрд доллар табыс тауып, 29 орын алдыға бір-ақ секірді.