Бизнес

Алаяқтарды қалай танимыз?

Қазіргі заманғы алаяқтар өте тапқыр: олар қарапайым интернет қолданушыларын алдау үшін әртүрлі жолдар мен амалдар ойлап табуға шебер.

Әдеттегі алаяқты мынадай іс-әрекеттерінен тануға болады:

1.     Алаяқтар тұтынушылар арасында кең таралған өнімнің бағасын төмендетіп қояды. Мысалы, смартфон, ноутбук секілді танымал тауарларды алатын кезде бағасын салыстырып көріңіз.

2.     Сатып алушыны жеткізу қызметінің көмегіне жүгінуге көндіре бастайды. Ол үшін мынадай сылтаулар ойлап табады: «басқа қалада тұрамын», «босай алмаймын», т.б.

3.     Сізге тауарын өткізгеннен кейін алдын ала төлем жасауды талап етеді немесе басқа операциялар жүргізу үшін сілтеме жіберіп, бейтаныс ресурсқа өтуіңізді сұрайды.

4.     Алдын ала төлем жасап қойсаңыз, алаяқ ақшаңызды қалтасына басып, сол күйі хабарсыз кетеді.

Алаяқтық пен жалған жарнамаларды қалай танимыз?

1.     Тауардың құны немесе ұсыныстың өзі басқалардан ерекшеленіп тұрады;

2.     Алаяқ өтірік ажиотаж жасайды. Тауарды сатып алғысы келетін басқа да адамдар бар екенін айтып, алдын ала төлем жасап қоюыңызды талап етеді;

3.     Сізді асықтырады. Тауардың құны шектеулі уақытқа дейін ғана сақталатынын, содан кейін көтеріліп кететінін айтып, тезірек сатып алуға мәжбүрлейді.

Алаяққа алданып қалмас үшін:

1.     Өзіңіз туралы жеке мәліметтерді бермеңіз: толық аты-жөніңіз, банк картаңыздың нөмірін, CVC-код және смс арқылы келген басқа да кодтар;

2.     Келіссөздерді сервис аясында ғана жүргізіңіз;

3.     Бөгде сайттарға өтпеңіз және жеке деректеріңізді еш жерге енгізбеңіз;

4.     Тауарды сатып алуда асығыстық жасамаңыз, алаяқтар әдетте тезірек тауарын өткізуді қалайды;

5.     Егер күдік тудыратын хабарландыру көрсеңіз, міндетті түрде сайттың қолдау қызметіне хабар беріңіз.

Сақ болыңыз! Интернеттегі саудаңыз сәтті жүрсін!

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button