Бизнес

Алматыдағы ең ірі ТОП-5 кәсіпорынды қытай инвесторы салған

Алматы облысында тәуелсіздік алғаннан бері 30 жылға жуық уақытта 10 ең ірі өндіріске қосқан. Мұндай ірі кәсіпорындардың жалпы құны – 190 млрд теңгеге жуықтайды.

Бұлар – құрылыс, баламалы энергия, азық-түлік және ет өндірісін қолға алған компаниялар.

Бұл жобалардың арасында Қытай инвесторларының орны бөлек көрінеді. Олар әсіресе, баламалы энергияға көп қаржы құйғаны байқалады.

Мәселен, 30 жылда салынған ең қымбат үш кәсіпорынның біреуі – бұл Қапшағайда салынған 100 МВт-тық күн элекростанциясы. Оны салуға қытай инвесторының қалтасынан 27 млрд теңге жұмсалған. Баламалы энергияны өндіретін бұл станция 2019 жылы іске қосылды. Қазір 32 адам жұмыс істейді.

Бұдан кейін, бесінші орында тұрған ірі инвестициялық жоба – Іле ауданындағы 50 Мвт-тық күн электр станциясы. Оның құны – 13 млрд теңге. Бұл «жасыл жобаны» қаржыландырған да – қытай инвесторлары.  2020 жылы іске қосылған.

Қытай инвесторларының тағы бір жобасы – ірілігі жағынан 6-орында тұрған – Қарасай ауданындағы әйнек зауыты. Құны – 12,2 млрд теңге.

Алдағы уақытта 2023 жылы Сарқанд ауданында тағы бір жел энергиясын өндіретін станция ашылмақ. Оны да қаржыландырушы – қытай инвестициясы. Құны – 19,4 млрд теңге.

Алматы облысында тұрғызылған ірі жобалардың арасында Сингапур инвестициясы бар. Олар құны 43,7 млрд теңге болатын ең қымбат жобаны қолға алған екен. Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылында салынып жатқан цемент зауыты 400 адамды жұмыспен қамтымақ. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button