БизнесЖаңалықтарҚоғам

Алматының полицентрлік жаңа сценариін қалыптастыру бойынша семинар өтті

BI компаниясының бастамасымен «Алматының полицентрлік жаңа сценариін қалыптастыру» атты жобалық семинар өтті. Компания өкілдері Алматы қаласының тұрғындарымен ашық диалог жасап, әсем қалада өмір сүрудің жаңа жоспарын бірге құруға шақырды.

 Алматы – заманауи шындық жағдайында жайлы және ыңғайлы өмір сүру үшін көптеген жаңа мүмкіндіктерге ие бірегей қала. Қаланың жаңа бас жоспарына сәйкес, 5 жаңа полицентр құру көзделіп отыр. Полицентрлер қаланың негізгі орталығына түсетін жүктемені азайтатын және перифериялық ағындарды қабылдайтын аумақтар болады, осылайша адамдар қала орталығында көрсетілетін қызметтерді полицентрлерде пайдалана алады. Бұл полицентрлер: «Солтүстік», «Батыс», «Шығыс қақпасы», «Оңтүстік-Батыс» және «Тарихи орталық» деп аталып кеткен өзіндік даму мақсаттары бар арнайы аймақтар болмақ. Полицентрлік даму моделі еліміздің ең үлкен мегаполисі үшін аса қажет, өйткені, әрбір аудан тәуелсіз болады, тұрғындардың оқуына, жұмыс істеуіне, денсаулығына және демалуына жаңа мүмкіндіктер ашылады.

BI компаниясы Алматының бас жоспарын қолдай отырып, әсем қаламыздың көркеюіне үлес қосуды, жаңа полицентрлерді дамытуды мақсат етіп отыр. Соның бірі «Шығыс қақпасы» полиорталығы. «Шығыс қақпасы» полицентрі Құлжын трактісінің ауданында құрылып, әуежай аймағындағы логистикалық хаб пен көрме/ойын-сауық алаңына айналмақ. Осыған байланысты BI Group «Алматының полицентрлік жаңа сценариін қалыптастыру» атты жобалық семинар өткізді. Семинар нәтижесінде қала тұрғындарының полицентрлердегі өмірінің жаңа сценариі құрылды. Өйткені семинар барысында алматылықтардың негізгі проблемалары қарастырылып, оларды шешу жолдары талқыланды.

Іс жүзінде барлық қатысушылар Алматының (және олардың тұратын аудандарының) ұқсас оң/теріс жақтарын атап өтті. Полицентрлік идеяны барлық әлеуметтік топтар қолдады. Білім берудің негізгі функциялары / медицина / көлік / табиғи орындарға басымдық берілетіні айтылды және бас жоспарда да негізгі приоритетке алынған.

Алматылықтардың негізгі проблемалары қандай?

Спортсмендер, салауатты өмір салтын ұстанатын жандар үшін клуб форматындағы спортпен шұғылданатын орындар, терренкур сынды таза ауа аясындағы саябақтар жеткіліксіз. Сондықтан табиғи спорттық сүрлеу жолдар, әртүрлі форматтағы спорттық нысандар, фитнес орталықтар, саябақтарды спортпен айналысу үшін ыңғайлы ету өте маңызды болмақ.

IT, медиа, сервис салаларында қызмет ететін, кеңседе жұмыс істейтін жастарды коворкинг кеңістіктердің жеткіліксіздігі, интернет жылдамдығының сапасы, жұмыс орнының қашықтығы, архитектура сапасының төмендігі қынжылтады. Бұл мәселеде BI Group компаниясы бірқатар ұсыныстарды алға тартты:

– ерекше жерлерде әртүрлі форматтағы коворкингтер (фрилансерлер үшін орынды өзгерту маңызды), бірақ коворкинг экономикасы нөлге тең болғандықтан, кейбір коммерциялық функциялармен (кофехана / кеңсе / мектеп / мұражай / сауда орталығы / кітапхана / базар және т. б.) бірігіп коворкинг орталықтар ашу;

– саябақтарда / алаңдарда коворкингтер ұйымдастыру;

– шығармашылық шеберханалармен біріктірілген коворкингтер (кеңсе коворкингтері емес), және т.б.

Семинар барысында медиа-компаниялардың өкілдері, консалтингтік бюролар / компаниялардың проблемалары да қарастырылды. Олар нарыққа кіру нүктелерінің аздығы, яғни ынтымақтастық орталықтардың жоқтығы, медициналық қызметтердің сапасыздығы, клиенттерді/серіктестерді/орындаушыларды қайдан іздеу керектігі туралы бірқатар мәселелерді көтерді. BI Group бұл мәселелерді шешуде келіссөздер инфрақұрылымы, жобалық кеңселер, көрме залдары, конференц-залдары бар кварталдық құрылысқа салынған қонақ үй кешендері, пәтерлер, кеңсе орталықтарының проектісін, әуежайға жылдам жету транспортын жасау, мәдени демалыстың әртүрлі форматын, яғни шағын мейрамханалардан галереялар мен заманауи өнер орталықтарына дейін құру керектігін атап өтті.

Семинарға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары да сан алуан болды: «ағаштарсыз қала орталығында орталық болмайды, ол орталық атмосфераны жасайтын ең маңызды элемент», «қала орталығы жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы және қауіпсіз болуы керек: кең тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары, ыңғайлы қоғамдық көлік қажет», «идеалды ауданда адамдар араласып, дос бола алатындай қоғамдастықтар мен қызығушылық клубтары дамуы керек», «мен өз аймағымда коворкинг болғанын қалаймын, онда мен кейде жұмыс істеп, пікірлес адамдармен сөйлесе аламын» деген сынды маңызды ойлар талқыланды. BI компаниясы қала тұрғындарының негізгі проблемаларын анықтап және ең таңдаулы шешімдерін қарастырып, өз ұсыныстарын білдірді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button