Бизнес

Астанамыздың көркіне айналған заманауи кеңселер

Қызмет көрсету сервисі бар кеңселер барлық дамыған елдерде тенденцияға айналып үлгерді. Ал Қазақстанда мұндай әлемдік стандарттарға сәйкес келетін кеңселік қызметті Talan Towers Executive Hub ұсынып отыр. Нұр-Сұлтан қаласындағы Talan Towers Executive Hub кеңселері Talan Towers көпфункционалды кешенінің 12-ші, 22-ші және 24-ші қабаттарында орналасқан.

Бұған дейін ашылған 12-ші және 22-ші қабаттардағы кеңселік кеңістіктерге қазіргі таңда сұраныс жоғары болғандықтан, осы жылдың қазан айында 24-ші қабат та іске қосылды.

Talan Towers Executive Hub ұстанған негізгі мақсат  іскер адамдар үшін жұмыс кеңістігін ұйымдастыру және олардың өз жұмысына толық көңіл бөлулеріне мүмкіндік беру.

Talan Towers Executive Hub ұсынатын негізгі қызметке: жиһазбен жабдықталған кеңсе, интернет, ресепшн, кез-келген уақытта техникалық мәселелерде көмектесе алатын IT мамандары, кофе мен шоколад құйып ішуге болатын coffee point, құжаттарды басып шығару, ресми кездесулерге арналған бөлмелер кіреді.

Ал бұдан бөлек, йогамен, физикалық жаттығулармен айналысуға болатын фитнес аймақ, ұйықтауға ыңғайлы капсула, электромобильдерге арналған жасыл аймақ та кеңселерді жалға алушылардың көңілінен шығатыны сөзсіз. Бұл Нұр-Сұлтан қаласында санаулы ғана өкілі бар ірі халықаралық компанияларға, стартаптарға немесе мегаполисте тұратын әрі белсенді саяхаттайтын кәсіпқойларға өте ыңғайлы болары сөзсіз.

Бұл кеңселердің дизайнын мәскеулік ABD Architects архитектуралық бюросы жасаған. Ал дизайн элементтерін, сондай-ақ навигациялық пиктограммалар мен аксессуарларды таңдауды қазақстандық SredaLab студиясы жүзеге асырды.

Табиғаттың өзі шабыттандырған Talan Towers Executive Hub премиум санатты интерьерлері табиғатты жұмыс кеңістігіне әкелу үшін жасалған. Жаңа концепция бірегей заманауи кеңсе ішінде жетекші компаниялардың өркендеуі үшін тұрақтылық пен технологияның тамаша үйлесімін ұсынады.

Talan Towers Executive Hub лаунж-аймақтарының сәнді интерьерлері үшін итальялық Аrper өнімдері таңдалған. Шығармашылық пен жаңашылдықты ескере отырып жасалған Arper өнімдері экологиялық тұрғыдан таза болып саналады. Ал еденге Interface компаниясының Human Nature Collection коллекциясының төсеніші төселген.

«Жасыл» кеңселер уақыт өткен сайын үлкен танымалдылыққа ие болып келе жатыр. Көгалдандырылған қабырғалар кеңістікті жандандыру үшін және адамдарға тыныштық пен шабыт сыйлау үшін жасалған ең үздік шешім деуге болады. Дәстүрлі баққа қарағанда, мұндай қабырға аз орын алып, 80% аз мөлшердегі суды қажет етеді және денсаулыққа айтарлықтай пайда әкеледі. Ауаны таза сақтап, кеңсе кеңістігіндегі шу мен дабырды басып, шығармашылықты арттырады және жалға алушылардың көңіл-күйін көтереді.

Кеңселердің оңтүстік лаунж-аймағында ерекше талғаммен мұқият таңдалынған кітаптардан тұратын кітапхана бар. Кітапхана – жаңа идеяларды оятуға, бейресми әңгімелер өрбітуге және жұмыстан бір сәтке демалуға арналған таптырмас орын. Talan Towers Executive Hub кеңселерін жалға алушылар бір қабаттан келесі қабатқа өтіп, кітапхананы, лаундж аймақтарды пайдалана алады. 

Клуб форматындағы концепцияда жүзеге асырылған ультразаманауи кеңселер қызметі Елордамыздың іскерлік және әкімшілік орталығында орналасқан «А» санатты бизнес-орталық боп табылады. Қысқа мерзімге жалға алуға болатын дайын кеңселер Қазақстанның бизнес-элитасы ортасында жұмыс істеп, маңызды кездесулер мен таныстырылымдарды астананың ең беделді кешенінде өткізу мүмкіндігін ұсынып отыр.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button