Бизнес

Бір істі бастап, соңына дейін жеткізбеу дерт пе әлде әдет пе?

Соңына дейін оқылмаған кітап, 3 сабақтан соң жайында қалған ағылшын тілі, дүйсенбіден басталатын спорт, тағысын тағы. Таныс па?

Бастаған істі жалғастыруға не кедергі? Қанша сылтау ойлап таптыңыз? Бұл сөзден кейін өзіңізді қатты сөкпеңіз. Себебі бұл мәселе көп адамдың өмірінде орын алуда. Істі соңына дейін жеткізіп, нәтиже көруді қалайсыз ба?

Лео Бабаута – үздіксіз даму үстіндегі танымал жазушы және блогер. Эксперт істі тастамай, соңына дейін жеткізуге көмек беретін кеңестерімен бөлісті.

Өзіңізді қинамаңыз

Мәжбүрлеу ниеті жақсы болғанымен, нәтижеге жеткізуі екіталай. Өзіңізді күштеп жасаған іс-әрекет аз уақыт ішінде жеккөрінішті болады. Бір істі жасауға мәжбүрлеудің орнына, оң мотивация табуға тырысу керек.

Мысалы, кейбір адамдар үшін фитнес залға барып жаттығу тым қиынға соғады. Сонда жаттығудан кейінгі сезімді, өзіне рахмет айтып тұрған сәтті елестету кішігірім мотивация.

Асықпаңыз

Үлкен ыдыстағы тағамды ешкім 1 секундта таусыта алмайды. Сонымен қатар, шамадан тыс тамақтану ас қорытудың бұзылуына себепші. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сабыр сақтап үйренген жөн. Аз-аздан, бірақ жиі орындалған іс-әрекет мәреге тезірек жеткізеді.

Импульсті пайдалану

Түнгі сағат үш болсын келген шабытыңызды жоғалтып алмаңыз.  Бойда құлшыныс оянған сәтті пайдаланып үйрену керек. Тым қолайсыз уақыт болса да жасай бастаңыз. Бұл жаңа идеялар мен ойлар сияқты – егер бірден жазып алмаса, қайталануы өте қиын.

Мақсат жайлы ұмытпау

Бір істен бастартқыңыз келсе, не үшін бастағаныңызды есіңізге түсірген дұрыс болады. Бастапқыда көздеген мақсатты ұмытсаңыз, нәтиже нөл. Бағытыңызды жоғалтпаңыз. Кемпірқосақ соңында алтын құмыра бары үнемі есіңізде болсын.

Көтеріңкі көңіл-күй

Лео Бабаута үшін сүйікті әндерін тыңдау ерекше көңіл күй сыйлайды. Сізде басқа нәрсе болуы мүмкін. Біреу шабыт алу үшін кітап оқиды, біреу жүгіруге барады,кино көреді немесе медитация жасайды. Өз қолыңызбен сурет салу да жақсы көмектеседі. Ессіздікті жеңіп, әрі қарай жүруге жол сілтейді.

Күмәндануды доғару қажет

Ең соңғы және ең маңыздысы. Күмән туындағанда қарсы тұру және жоспарланған жолдан таймау өте қиын. Күмән мен қорқыныш болашақпен тығыз байланысты. Бірақ әлі болмаған немесе ешқашан болмайтынға алаңдау дұрыс емес. Ал бастаған істен бас тарту – ақымақтық. Қандай тығырыққа тірелсеңіз де шығар жол бар. Әр секунд сайын әлем бізге жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Ендеше неге оны қолданбасқа?

Абдірахман Аружан

Дереккөз
Фото

Ұқсас мақалалар

Back to top button