Бизнес

Бір оқпен екі қоян атып алғың келе ме?

ForteKey пернетақтасын пайдаланушылар өз уақыттарын үнемдеу мен сервистің тиімділігі туралы көптеген пікірлер білдіруде. Әлеуметтік желіде немесе мессенджерде отырып ақша аударымдары мен төлемдердің кез келген түрін жасау мүмкіндігі аз уақыттың ішінде халық арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Көпшілікті қуантқан тағы бір нәрсе пернетақтада қазақ тілінің болуы. Барлық пайдаланушылар жақсы білетіндей, пернетақтада елімізде қолданыс аясы кең үш тіл – қазақ, ағылшын, орыс тілдері қамтылған. Қазақстандықтарды ерекше қуантқаны – сервисте Мемлекеттік тіл мәртебесіне баса назар аударылғандығы.

Сіз сервисті пайдалану арқылы өзіңізге ыңғайлы үш тілдің бірінде барлық операцияларды орындай аласыз. Ол үшін тек қана ForteKey пернетақтасын жүктеп алсаңыз жеткілікті.

Бұл сервисті пайдалану сізге тек әлеуметтік желілер арқылы бір орталықтан банктік қызметтерді орындап қана қоймай, қазақ тілінің қолданыс аясы кеңіп, дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

ForteKey пернетақтасының арқасында паразит сөздерден құтылудың мол мүмкіндігіне ие болдық. Қазір әлеуметтік желілерде көптеген сөздерді «бугин», «казир» деген сияқты қате жазу өршіп кетті. ForteKey пернетақтасында осы секілді паразит сөздерден құтылуға жағдай жасау үшін әр тілге арналған T9 функциясы бар. Егер сөз қате жазылған болса, T9 дұрыстап отыруға көмектеседі.

ForteKey пернетақтасын пайдаланудың нәтижесінде адамдар біртіндеп сауатты жазуға бейімделе бастады. Қазір барлық адамда гаджет бар, барлық адам әлеуметтік желілерде отырады. Тек қазақша сауатты жазуды жолға қоя алмай келеміз.

Форте банктың бірегей жобасы осы олқылықтың орнын толтыруға да айтарлықтай үлес қосуда. Себебі, ForteKey пернетақтасын пайдаланушылардың дені қазақ тілін қолданады.

Ендігі жерде қазақ тілінде қызмет алушылар көбейетін болады. Мойындау керек, түрлі қызмет көрсету салаларында қазақ тілінде сапалы қызмет алу қиын. Мұны жоққа шығара алмаймыз.

Алайда ForteKey пернетақтасының арқасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге жағдай жасалды. Бұдан кейін түрлі қызмет көрсету салаларында, мекемелердің сайттары мен мобильді қосымшаларында қазақ тілінің қолданушылары артып, сұраныс жоғарылайтынына сенімдіміз.

ForteKey пернетақтасының пайдаланушылары банк қосымшаcына ауыспай-ақ, әлеуметтік желіде отырып ақша аудару, төлем жасау немесе балансты қарау сынды операцияларды жүзеге асыра алады. Whatsapp, telegram, instagram, facebook, вконтакте – осының бәрі сіздің төлем жасау алаңыңызға айналды.

Тіптен, өзге банктың есепшоттарына да ақша аударымдарын жасай аласыз. Коммуналдық төлемдерден бастап, барлық қаржылық операцияларды жылдам әрі оңай жүзеге асыру енді сіз үшін түк те қиын емес.

Көбінде зейнет жасындағы ата-әжелеріміз банк қосымшаларын түсінбей жатады. Енді ата-әжелеріміз де ForteKey арқылы банк қызметтерін оп-оңай пайдалана алады.

Сіз ForteKey пернетақтасын пайдалану арқылы бір оқпен екі қоянды ала аласыз. Банк қызметтерін қазақ тілінде еш қиындықсыз оңай жүзеге асырасыз. Әрі уақыт үнемдеп, шаруаңызды жеңілдете аласыз.

ForteKey – халық игілігіне арналған әлеуметтік жоба. Жүктеп алыңыз да, пайдасын көріңіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button