Бизнес

ForteKey туралы ең үздік пікірлер

Елімізде жаңадан іске қосылған, ТМД бойынша тұңғыш деп танылған Форте банктің «ForteKey» сервисі аз уақыт ішінде жаппай халықтың қолданысына еніп жатыр. Себебі неге екенін осыған дейінгі мақалаларда атап көрсеткен едік.

Аталған сервис туралы, оның тиімділігі мен ерекшелігі жайында желі қолданушылары, белгілі азаматтар да өз пікірін білдіріп жатыр. Бүгін сіздерге солардың ForteKey туралы айтқан ойларын ұсынамыз.

Тағы оқыңыз: Форте банк ұсынған жоба қазақ тілін дамытуға үлкен үлесін қосып жатыр

Бөгенбай Серікбай, кәсіпкер, «Sabaq Online» ЖШС директоры:

«Форте банкпен кәсіп саласында тығыз жұмыс істейміз. Қазан айының соңында банктің жаңа сервисі туралы естідім және көрдім. Атап айтқанда ForteKey пернетақтасын өзіме орнатып алып, эксперимент жасап көрдім. Ал қазір осы сервиске үйреніп алдым. Өте жылдам әрі ыңғайлы. Кәсіпте жүрген соң негізгі жұмыстар осы әлеуметтік желіде коммуникация орнатумен байланысты. Менде қазақ тілінде қатесіз жазуға кедергілер бар еді. Енді бұл кедергіні де жеңген секілдімін. Себебі Форте банк ұсынған сервисте T9 функциясы бар екен. Ол қате жазған сөздерімді қазақ тілінде өңдеп беріп отырады.

Жалпы IT саласында халыққа керек осындай жобалардың біздің елімізде қосылып қана қоймай, ТМД бойынша тұңғыш болып отырғаны қуантады».

Уалихан Әбдібеков, мұғалім:

«Біз негізінен мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтіндіктен жалақыны басқа банктен аламыз. Алайда былтырдан бері Форте банктің тұтынушысымын. Себебі достарым кәсіп ашатын болсаң, кеңес ретінде осы банктің сревистерін ұсынамыз деген соң банк картасын ашып едім. Нақты есімде жоқ, 2020 жылдың соңына қарай Форте банктің «ForteKey» сервисі туралы ақпаратты инстаграмнан көрдім. Мен өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болғандықтан, аталған сервистің қазақ тіліне үлес қосып жатқаны қызықтырды. Мұғалім болған соң сынап көргім келді. Қазір осы пернетақта менің смартфонымда бар. Жиі пайдаланам деп айтпаймын, бірақ кейде асығыс кезде, месенджерде сөйлесіп отырған кезде тұрақты пайдаланамын. Себебі жылдам әрі ыңғайлы».

Нұрхан Өмірхан, әнші, блогер (40 мыңға жуық аудиториясы бар):

«Мен Форте банктің сервистерін бұрыннан білемін. Анығы Фортемаркет арқылы сауда жасаймын. Ол да маған ыңғайлы. Өзім блогер болғандықтан, әлеуметтік желіде жиі отырамын. Осыдан бірере апта бұрын ғана ForteKey деген сервис туралы ақпаратты көрдім. Маған ұнағаны кез келген мессенджерде отырып төлем жасауға болады екен. Маған керегі де осы еді. Себебі менің жұмыстарымның бәрі дерлік осы әлеуметтік желіде отырып, адамдармен қарым-қатынас орнату. Ал сол сәтте біреуге ақша керек болса немесе бірлік салу керек болса, жаңағы Фортенің сервисі жақсы екен. Банк қосымшасына кірудің қажеті жоқ. Қай жерде отырмын, сол жерде пернетақта арқылы ақша аудара аламын. Меніңше, бұл жақын арада үлкен сұранысқа ие болатын IT жоба».

Інжу Өмірзақ, студент әрі контент-менедежер:

«Биыл 3-курсты аяқтаймын. Оқып жатқан мамандығым журналистика. Форте банкпен былтырдан бері жұмыс істеймін. Маған банктің кәсіпке байланысты ұсыныстары мен қызметтері ұнайды. Шындығын айтқан кезде, ыңғайлы. Өткенде құрбыммен сөйлесіп отырып, оның whatsapp-та отырып сол жерден біреуге ақша аударып жатқанын көзім шалды. Мен үшін таңсық болған соң сұрадым. Форте банктің тұтынушысы болсам да, бұл сервис туралы құрбым арқылы білгенім қызық болды. Маған ұнағаны құрбым жалпы қазақша жаза бермейді. Жазса да қателесіп жіберетін. Мәселен «Жаксы», «кайдасын» деп қазақ әріптерін пайдаланбай кетіп еді. Өткенде біреуге «жақсы, қазір жіберемін» деп хабарлама жазып, ақша аударып жатқанын көрген соң сервиске қызықтым.

Дәл қазір ForteKey сервисін мен де пайдаланым. Тіпті жиі деуге болады. Жастарға керек әрі ыңғайлы жоба деп айтар едім».

Қымбат Слямбеков, журналист, редактор:

«Журналист болған соң барлық әлуеметтік желі, сайт дегенді бақылап, қадағалап отырамыз. Бір апта бұрын ғана Facebook-те Форте банктің қазақ тіліне жасап жатқан пайдасы туралы мақаланы оқыдым. Ішіне кіріп бір емес, бірнеше мақаланы көзім шалды. Өте жылдам әрі ыңғайлы деген соң, сервисті орнаттым. Айтпақтай, мен бұрыннан осы банктің тұтынушысымын. Маған сервис ұнады. Шынымен, мұнда жылдам ғана емес, өте ыңғайлы. Менде мессенджер 24 сағат қосулы тұрады. Күнделікті ақпарат алмасып жатқан соң кемі 100-ден аса хат-хабар келеді. Бәріне жауап беру керек. Сондай асығыс кезде үйдегілерден ақша жіберсең, бірлік салып жіберсең деген ұсыныс келеді. Күнде емес әрине, алайда тығыз жұмыс кезінде бір жағдай болды. Сол кезде осы ForteKey пернетақтасын пайдаландым. Арасы 20 секунд ішінде бірлік салдым да, өзімнің жұмысыма кірісіп кеттім. Журналист ретінде қоғамдағы барлық жаңалықтарды саралап отырамыз. Меніңше, бұл сервис халық арасында сұранысқа ие болады. Өйткені оны мен өзім пайдаланып көрдім және пайдасын көрдім. Сондықтан нақты жауап беріп отырмын».

Рамазан Амантай, актер, блогер ( 167 мыңға жуық аудиториясы бар):

«Өз басым уақыт үнемдеудің маңыздылығын жақсы түсінемін. Кейде түсірілімдер мен жеке шаруаларыңның арасында уақыт тапшылығы айтарлықтай сезіледі. Сондай кездерде анама, ініме ақша аудару керек боп қалады. Мен уақыт үнемдеудің жолын таптым. Бірде Форте банк ForteKey атты пернетақтаны іске қосқаны туралы мақаланы көзім шалып қалды. Тиімділігі жан-жақты баяндалған екен. Содан бері осы ForteKey пернетақтасын пайдаланамын. Уақытым да үнемделетін болды әрі жылдам ақша аударымдарын жасай аламын. Әлеуметтік желіде отырып ақша аударымдарын жасау, баланс қарау, кез келген қаржылық операцияларды орындау өте тиімді екен. Өзім қазақ тілінің жанашырымын. ForteKey-ге қазақ тілінің орналастырылғанын көріп тіптен қуандым. Себебі, кез келген жерде қазақ тілінде қызмет алу менің ұстанымым».

Тағы оқыңыз: Ақша мен уақытты үнемдеудің ең тиімді жолы қандай?

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button