Бизнес

Халық IPO-сына енген компаниялардың акцияcы өсті

Халық IPO-сы, яғни, қарапайым азаматтарға сатылып жатқан компаниялардың акциясы біршама өсті. Мәселен, «Қазатомпромның» акциясы уран секторымен бірге қымбаттап, акциясы да төрт ай қатарынан өсіп жатыр.

Аталмыш компанияның KASE-тегі акциясы 10%, LSE-дегі акциясы 6,8% өскен. Уран оксидінің бір фунты мамыр айында 9,4% өсіп, $31-ға сатылуда.

«КазТрансОйла» акциясы да біршама өсті. Бір айдың ішінде бір акциясы 84 теңге қымбаттап, 1216 теңгеге жетті. Компанияның есебінше, акциядан түсетін табыс 23%-ға дейін өскен. Соған қарағанда, сарапшылардың айтуынша, аталмыш компанияның акционерлері биыл біршама табысқа кенелуі мүмкін.

KEGOC-тың акциясы сәуір айынан бастап қымбаттады. Бірақ көп емес.  Мамырдың аяғында акцияның бағасы 1760 теңге болса, қазіргі 1805 теңгеге жетті.

Ал Kaspi.kz-тің акциялары жыл басынан бері 8%-ға қымбаттап, маусым айында бір акциясы $103-ға жетті.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button