Бизнес

Атауын өзгерткен әлемдік 5 компания: Google-дің бұрын қалай аталғанын білесіз бе?

Қазіргі кезде компания атауы – оның танымалдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсететін құралдардың бірі. Оның барынша қысқа, нұсқа, компания тауарын сипаттайтындай күші болуы керек. Ол, тіпті, жарнамаға дейін көмектеседі. Қазіргі кейбір атақты компаниялардың құрылған кезде қалай аталғанын білесіз бе?

BackRub/Google

Іздеу жүйісі бойынша күллі әлемге танымал бұл компания бұрын «Google» деп аталмаған. Жалпы оның құрылуына Ларри Пейдж бен Сергей Бриннің «BackRub» атты ғылыми жұмысы негіз болған. Компания дәл осы атаумен 1998 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жұмыс істеді. Google.com домені тіркелгеннен кейін ғана компания атауы өзгерді.

Jerry and David’s guide to the world wide web/YAHOO

Бұл – «Google» компаниясынан 4 жыл бұрын пайда болған іздеу жүйесіне негізделген сайт. Танымал емес. Қысқа, нұсқа, ел есінде сақталған атау компания құрылғаннан кейін бірнеше айдан соң ойлап табылды. Бастапқыда компания YAHOO деп аталмады.

Brad’s drink/Pepsi

«Pepsi» сусынын америкалық фармацевт Калеб Брэдхем 1898 жылы ойлап тапты. Бастапқыда сусын «Brad’s drink» деп аталды, ал 1903 жылдан бастап «Pepsi» деген атау пайда болды. Сусынның құрамында пепсин деген фермент болғандықтан, осылай аталады. Брэдхем бұл сусынды ас қорытуды жақсартады деп жарнамалаған. Сол себепті компания атауын да соған сәйкес өзгертуге тырысты.

Blue Ribbon Sports/Nike

Бұл компанияны 1964 жылы студент Фил Найт құрды. Ол АҚШ-тағы бір университеттің студенттер құрамасында жеңіл атлетикадан (жүгіру) бағын сынап жүрді. Бастапқыда кішігірім фирма ретінде Азия мемлекеттерінен келген кроссовкаларды сатумен айналысты. Сол кезде «Blue Ribbon Sports» деп аталды. Ал одан кейін маркетингтік тұрғыда сәтті атау «Nike-ке» ие болды. Бұл ат ежелгі гректердің жеңіс құдайы Никидің құрметіне қойылған.

Amazin’s Software/EA Games

Видеоойындардың жанкүйерлері атақты EA Games компаниясын білетін шығар. Бұл компания әлемге танымал болмастан бұрын Amazin’s Softwarе деп аталды. Атауы құрылғаннан 7 айдан кейін өзгерді. Өйткені сол кезде Трип Хокинс ірі инвесторларды компанияға тарта алған болатын.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button