Бизнес

Кәсіпкер сыры: Құпияның кілті қайда?

Қарапайым ауыл жігіті Фрэнк Вулворттың өз комплексін артықшылыққа айналдырды. Дүкендерде клиенттерге қызмет көрсетудің заманауи жүйесін ойлап тапқан осы Фрэнк еді.

Оның өмірі басқалардың өмірінен еш айырмашылығы жоқ еді. Ауылда туып, ата-анасымен бір жерде жұмыс істеді. Күнделікті жұмысы – «көкөніс бақшасына бару — базарға соғу — фермадан қажетті тауарларды сатып алу — көкөніс бақшасына бару».

21 жасқа толғанға дейін осы бір сарынды өмір жалғаса берді. Дәл осы уақытта Фрэнк тіпті өмірден түңілді. Ақырында кішкентай Ланкастер қаласына қашып кетіп, қарапайым дүкенге жұмысқа орналасады. Осы кезден бастап оның өмірінде үлкен өгеріс орын алады. Ауылдан шыққан қарапайым жігіт қалай табысты болды?

Өзіңе ұнайтын іспен айналысу

Фрэнк өз лауазымына мүлдем сәйкес келмейтін. Себебі ол өте ұялшақ, түсініксіздеу, тіпті кейде қыңыр еді. Оған адамдармен, әсіресе, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау қиынға соқты. Ал сатушылар сол кезде (ХІХ ғасырдың аяғында) тауарды мақтап, сатып алушыға өткізу керек еді. Мұның бәрін Фрэнк Вулворт білмеді. Тіпті жұмыс істеген дүкеннің иесі оны бірнеше рет жұмыстан шығаруға бекінген.

Кез келген мүмкіндікті пайдаланыңыз

Фрэнк дүкенде клиент алдында талып қалады. Осыдан кейін дүкен иесі оған шарт қояды. Дүкенде күні бойы сауда жасайсың дейді. Егер табыс әдеттегіден аз болса жұмыстан шығаратынын айтады.

Тәжірибе жасаудан қорықпаңыз

 Фрэнк адамдармен қалай қарым-қатынас жасауды білмейтіндіктен оның саудаға келуі ерекше болды. Сатып алушылармен қарым-қатынасты азайту үшін ол барлық тауарға баға жабыстырды. Нәтиже Вулворттың және дүкен иесінің күткенінен  асып түсті. Тіпті таң қалды.Фрэнк тауарлардың барлығына баға жабыстырып, батыл қадам жасады. Оған клиентпен сөйлесу керек емес еді. Бірнеше сағаттан кейін барлық тауар бірден сатылып кетеді. Бұл саудадағы революция болды.

Қателікпен жұмыс істеңіз

 Осы оқиғадан кейін Вулворт өз дүкенін ашуға шешім қабылдады. Бірақ ол 3 рет құлап, қайта тұрады. Алғашқы екі дүкені банкротқа ұшырады.  Өйткені олар сатып алушылар үшін ыңғайсыз жерде орналасты. Қателіктерін талдағаннан кейін Фрэнк империясының бастауы болған үшінші дүкенін ашты.

Өз-өзіне қызмет көрсету

Вулворттың дүкендерінде барлық тауар сөрелерде тұрды. Оларға міндетті түрде баға жабыстырылды. Клиент олардың кез келгенін еркін таңдап, қолымен ұстап көре алды. Біз үшін бұл қалыпты жағдай және біз осындай ыңғайлыққа үйреніп қалдық. Ал ХІХ ғасырдың аяғындағы адамдар үшін мұндай жаңалық шоу болды. Енді сатушымен саудаласудың немесе одан тауарды көрсетуді, сұраудың қажеті болмады

«Мен әлемдегі ең жаман сатушымын. Сондықтан мен адамдарға сатып алуды жеңілдетуім керек».

5 центтік тауарлар

Вулворттың әр дүкенінде 5 центтен тұратын тауарлар болды. Бұл үшін БАҚ  оны  «бес пайыздық патша» деп атады. Сатып алушыға қолжетімді тауарлар тез сатылып, жақсы пайда әкелді.

Тауарлардың орны екі апта сайын өзгеріп отырды. Табыс одан сайын артты. Фрэнк “аптасына кемінде бір рет көрші дүкендегідей өнімді сатылымға шығарыңыз.  Бәсекелес дүкеннің қай өнімі ең танымал екенін анықтап, оны екі есе арзан сатыңыз» дегенді айтады.

Біліктілігі жоқ қызметкерлер

Иә, қаншалықты таңқаларлық көрінсе де Фрэнк ең төменгі бағамен жұмыс істеуге дайын қызметкерлерді жалдады. Дүкен қызметкерлерінің міндетіне тек сөрелер мен терезелерде жеткілікті тауарлардың болуын бақылау кірді.

«Арзан тауарлар арзан қызметкерлермен ғана болуы мүмкін. Адам жақсы жұмыс істей бастағанда лайықты ақша алу үшін басқа жерге барсын».

«Мен колледж түлегінен гөрі қарапайым ауыл баласының қызметкерім болғанын қалаймын. Білімді адам мансапты төменгі сатыдан бастағысы келмейді. Демек ол ешқашан бизнесті үйренбейді».

Күнделікті есеп беру

Фрэнк мүмкін болатын барлық нәрсені үнемдеуге тырысты: жалақы, тауарлар және басқа да шығындар.

Сатып алушылардың қалауының өзгеруіне тез жауап беру үшін Вулворт күн сайын қызметкерлерден сату туралы егжей-тегжей есептер алды.

Тауарларды сөреге орналастыру

Бұл келушіні көшеден тартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар өнімнің жанында 25 центтен асатын сома ешқашан жазылмаған.

«Біздің жарнама – бұл сөрелер және сөрелер. Вулворттың дүкендеріндегі бағалар жарнамалық постерлерге қарағанда шешен».  Фрэнк Вулворт

Дүкен қызметкерлерінің күлкілері

Кассирдің басты міндеті күлімсіреу болды. Фрэнк тіпті 5 центтік ұсақ-түйек сатып алған адам бүкіл компанияны бақытты еткендей сезінуі керек деп есептеді.

Осылайша 1919 жылға қарай Фрэнктың байлығы 65 миллион долларға жетті. Ал Вулворт империясында 1000-нан астам дүкен болды.

Гүлнар Тайжан

Дереккөз
Фото

Ұқсас мақалалар

Back to top button