Бизнес

Сатып алушыларға кеңес: интернетте қалай қауіпсіз келіссөз жүргізу керек?

Сандық қоғамның дамығаны соншалықты, онлайн ақшаны пайдаланудан бас тарту – іс жүзінде мүмкін емес болып кетті. Бірақ, төлем жасаған сайын өзінің банктік картасының мәліметтерін енгізгенде, адамға қауіп төнеді. Бірден айтайық, қаражаттың қауіпсіздікте болуына 100% кепілдік жоқ. Кез келген төлемді қалай қорғауға болатыны туралы осы мақалада айтамыз және мұнда сіз интернетте келісім жасау кезінде алданып қалмауға көмектесетін ережелерді таба аласыз.

1. Қолыңызға тауарды алған кезде оның жарамды және сапасына толық сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Сізге дұрыс емес, сапасыз тауар сатып жіберуі мүмкін. Егер төлем жасамай тұрып, тауарды тексеріп алсаңыз, онда ақшаңызды сақтап қала аласыз.

2. Сізден ресми дүкендер тауар үшін алдын ала төлем жасауды сұрауы мүмкін, бірақ олай алаяқтар да жасайды. Сондықтан, егер сіз сатушыға немесе дүкенге сенімді болмасаңыз, төлемді жасамаған жөн.

3. Тауарды басқа тауарлармен салыстыру және ең ұтымдысын таңдау үшін сатушыдан тауар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты сұрай бермеңіз. Егер ұзақ диалогтан кейін сіз кенеттен хабарламаларға жауап бермей қойсаңыз, сатушымен қарым-қатынасыңыз нашарлауы мүмкін. Сондықтан өзара сыйластыққа негізделген келіссөздер жүргізіңіз.

4. Сатушымен кездесуді жоспарлаған кезде тек қауіпсіз жерді таңдаңыз және жақын адамыңызбен бірге барыңыз. Бұл сізді алаяқтарға алданып қалудан қорғайды. Сонымен қатар кездесу барысында сіз тауар сапасын тексере аласыз.

5. Кездесу немесе келісім барысында барлық мәселелер мен сұрақтарды шешіп алыңыз. Кейде сатушы, сатып алушы ақпаратты дұрыс айтпай немесе түсінбей қалуы мүмкін. Осындай жағдайлардың кесірінен келіспеушілік туындайды.  Сондықтан барлық туындаған сұрақтарды келіссөз барысында шешіп алған мәселені айтарлықтай жеңілдетеді.

6. Онлайн-сауда жасау үшін сатушыға сіздің төлқұжатыңыздың нөмірі, туу туралы куәлік, нотариус куәландырған жүргізуші куәлігінің сканері және басқа да маңызды құжаттар қажет емес. Ешқандай жағдайда төлем картасының нөмірін және оның CVV кодын (бұл картаның артқы жағындағы 3 сан) беруге болмайды. Осындай қарапайым ережелерді сақтау – жеке деректеріңіздің қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Қаражатыңыз бен жеке деректеріңіз туралы сөз болғанда тәуекелге бармағаныңыз жөн. Егер сіз алаяқтарға жолықсаңыз, бірден OLX қолдау қызметіне хабарласыңыз. Олар сізге өзіңізді қорғауға және сатушымен дұрыс байланыс орнатуға көмектесетін егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын ұсынады.

Алаяқтық сызбасы. Сатып алушыны қалай алдайды:

  • алаяқ орташа бағадағы танымал өнімнің жарнамасын орналастырады. Мысалы, тренажер немесе смартфон.
  • сосын потенциалды сатып алушыны жеткізу арқылы тауарды беріп жіберуге көндіреді. Сатушының себептері әртүрлі болуы мүмкін: қалада емес, қолы бос емес және басқалар;
  • сатып алушының келісімін алғаннан кейін, алаяқ төлем сілтемесін жалған сайтқа (бірақ компанияның сайтына өте қатты ұқсайтын) жібереді немесе алдын-ала төлем жасауды сұрайды;
  • сатып алушы сілтеме бойынша өтіп, тауарға төлем жасау үшін өз деректерін енгізеді;
  • сатып алушының картасынан ақша алынады, ал алаяқ төлем жасағаннан кейін бірден жоғалады.

Сатып алушыларға арналған кеңестер. Алаяқтық пен жалған жарнамаларды қалай тануға болады?

  • Тауардың құны немесе ұсыныстың өзі басқаға қарағанда өте тиімді;
  • Алаяқ тауарды сатып алғысы келетін адамдар көп екенін айтып, сатып алушыны алдын-ала төлем жасауға мәжбүрлейді.
  • Оның ұсынысы белгілі бір күнге дейін ғана жарамды деп, тауарды мүмкіндігінше тезірек сату қажет екенін айтып алдайды.
  • Әртүрлі елді мекендерде тұрсаңыз, алдын ала төлем жасау – сатып алудың шарттарына кіреді. Ал алдын-ала төлем – алаяқтықтың ең көп таралған түрі.

Жалған қызметтер: «OLX арқылы жылжымайтын мүлікті жалға беру» және «OLX арқылы жеткізу»

Алаяқтар жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы хабарландырулар қояды. «OLX арқылы жалға беру» деп жалған сайтқа сілтеме жіберіп, сол жақта жеке ақпарат пен төлем картасы туралы деректерді толтыруды сұрайды. Толтырғаннан кейін, алаяқтар картадан бар ақшаны шешіп алады. Сақ болыңыз, сервисте OLX арқылы жылжымайтын мүлікті жалға беру қызметі жоқ!

Сондай-ақ, қазіргі уақытта OLX.kz ресми компаниясында OLX жеткізу қызметі және OLX шабармандары жоқ.

Сізге тауарды сатып алу және OLX жеткізу/OLX-шабарман қызметін пайдалану ұсынылатын болса, бұл алаяқтық екенін бірден байқасаңыз болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button