Бизнес

Шымкент шаруалары бүкіл Қазақстанды көкөніспен қамтымақ

Қазір Шымкент қаласы жылыжай кешендерін жаппай ашу жұмысын қолға алды. 2025 жылға дейін 10 жылыжай ашу жоспарланып отыр. Бұл жайлы Lsm.kz хабарлады.

Биыл төрт жылыжайды ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның үшеуі келесі жылы іске қосылып, жылына 5,3 мың тонна көкөніс өндірмек. Ал қуаты 1,5 мың тонна көкөніске жететін төртінші жылыжай 2023 жылы ашылмақ.

Сондай-ақ, 2024 жылы 4,75 млрд теңгеге тағы үш жылыжай салынбақ. Мәселен, оның 2,75 млрд теңгеге салынатын біреуі жылына 3,6 мың тонна көкөністі өндіре алады.

Қалған екі жылыжай 2025 жылы іске қосылады. Құны – 1,5 млрд теңге. Оның біреуі жыл сайын 1,2 мың тонна көкөністі, екіншісі 600 тонна көкөністі саудағы шығармақ.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл жылыжайдың барлығын қазақстандық инвесторлар ашады. Жобаны жүзеге асыру барысында құрылыс жұмыстарына 380 адамға жұмыс орны ашылмақ.

Ал жылыжай кешендері ашылған жағдайда, 1 мың адамға жұмыс орны ашылады.

Айта кеткен жөн, Түркістан облысы да қазір жылыжай салуға көңіл бөле бастады. Ресей инвесторы 534 млрд теңгеге жылыжай ашуды жоспарлап отыр. 2024 жылы салынып бітпек. Әрі бұл – әлемдегі ең ірі жылыжай болмақ. Жер көлемі 500 гектарға дейін созылып жатыр. Жылына 250-300 мың тонна көкөніс өндіреді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button