Бизнес

Түрік инвесторлары Шымкентте шұлық шығармақ

Түрік инвесторлары Қазақстанда құны $2,3 млрд болатын 21 жобаны қолға алды.

Kazakh Invest ұлттық компаниясының дерегінше, сондай жобалардың бірі – Шымкент қаласында шұлық пен нәски шығаратын фабрика. Бұл жобаға түрік инвесторлары  $2 млн қаржы құйған екен. Қазір бұл фабрика «Оңтүстік» индустриалды аймағында салынып жатыр.

Салынып біткен соң, 100 адамға жұмыс орны ашылады. Инвестиция құйған – Түркияның EKOL компаниясы. 

«Оңтүстік» экономикалық аймағында өндіріс бастағысы кеп отырған тағы бір түрік компаниясы сымнан орау өнімдерін шығарғысы келеді. Өндіріс қуаттылығы жылына шамамен 18 мың тонна өнімді құрайды.

Айта кеткен жөн, 2020 жылдан бастап «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызмет ететін, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін мамандарды дайындайтын жеңіл өнеркәсіптің құзыреттілік орталығы жұмыс істейді.

Бұл өндірістік аймақта түрік компаниясымен бірге отандық кілем және кілем бұйымдарын өндіруші «Бал Текстиль» фабрикасы орналасқан. Тоқыма, жіп және өңдеу цехтары бар.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласында отандық люкс аяқ киімдер шығаратын «LUX Shoes БК» атты отандық фабрика бар. Кәсіпорынның өндіріс қуаты жылына 120 мың жұп аяқ киім. Аяқ киімнің барлық үлгілері табиғи былғарыдан жасалған, қажетті қасиеттерге ие: жылуды жақсы сақтайды, бу және ылғал өткізбейді, тердің әсеріне төзімді, жақсы сіңеді және артық ылғал береді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button