Whatsapp-та отырып төлем жаса, бұл оңай!
Технология дамыған сайын адамдардың барынша жеңіл әрі ыңғайлы жұмыс істеуіне бейімделіп келеді. Роботтардың адам орнына қызмет көрсетуі секілді, енді төлем жасау, банк қызметін пайдалану да жеңілдеп жатыр.
Өткен тақырыпта ForteKey туралы, оның ерекшелігі мен жобаны елімізде тұңғыш ұсынған команда туралы сұқбатты ұсындық. Бүгін бұл сервис туралы кеңінен айтамыз.
ForteKey – сіз үшін нағыз таптырмас әрі өте ыңғайлы сервис. Форте банктің төлему жасау, ақша аудару, бірлік салу секілді қызметтерін енді 20 секунд ішінде whatsapp мессенджерінде отырып пайдалана аласыз. Бұл қалай?
Сіз whatsapp-та маңызды бір адаммен сөйлесіп немесе хат алмасып отырсыз. Осы кезде анаңыздан, әйеліңізден немесе бір жақын досыңыздан «бірлік салып жіберші», «ақша аударып жіберші» деген хат келеді. Бұрны бұл операцияны орындау үшін смартфонда тұрған банк қосымшасына кіріп, сол жерден кілт сөзді теріп, одан қалды карта нөмірін немесе телефон нөмірін тауып барып «жіберу» батырмасын бассаңыз, енді бұл тіптен жеңілдеді.
Whatsapp-та отыра беріңіз. Ешқайда кірмейсіз, артық қимыл жасамайсыз. Тек пернетақтаға орнатып алған «Fortekey» сервисін пайдаланып, сол жерде отырып-ақ жақыныңызға көмек көрсете аласыз.
Қалай пайдаланамыз?
Бұл туралы төмендегі суретте көрсетілген инструкцияны пайдалана аласыз немесе https://forte.kz/kk/fortekey/ өтіп, толық инструкциямен танысыңыз.