Бизнес

Жаңа жоба: Халықты алаңдатқан 10 сұраққа жауап

Жақында елімізде қаржы саласы мен банк қызметін тиімділендіруге арналған ауқымды жоба – ForteKey пернетақтасы іске қосылғанын білеміз. Форте банктың бұл әлеуметтік жобасы қазірдің өзінде үлкен сұраныс тудыруда. 

Осы орайда, ең жиі қойылатын 10 сұраққа жауап беріп көрейік:

1.      Жобаның мақсаты қандай?

Қазақстанда тұңғыш рет іске қосылған сервис – «ForteKey», бұл әлеуметтік желіде және кез келген мессенджерде отырып төлем жасауға, бірлік толтыруға және басқа да қызметтерге арналған. 

Ең басты ерекшелігі – халыққа түсінікті әрі ыңғайлы. Бұл әлеуметтік жоба болғандықтан, тікелей халыққа арналған, солардың пайдалануына жеңіл болу үшін жасалған.

2.      Фортекейді қайдан жүктеп алуға болады?

Бұрын банктің мобильді қосымшасына арнайы кіріп, сол жердегі функция арқылы төлемдерді, ақша аударымдарын жасап келген болсаңыз, енді оны ұмытсаңыз болады. ForteKey сізге әлеуметтік желіде, мессенджерде отырып бұл қызметтерді орындауға таптырмас сервис. 

ForteKey-ді жүктеу үшін алдымен смартфонға App Store немесе Play Market дүкендерінен «Forte» мобильді қосымшасын жүктеп аласыз. Жүктеп алған соң, телефон «баптаулар» бөлімінде ForteKey пернетақтасын қосу қажет. 

3.      Қазақша дұрыс жаза алмаймын, қате кетсе, пернетақта көмектесе ала ма?

ForteKey пернетақтасы еліміздегі қолданыс аясы кең үш тілде де қызмет көрсетеді. Ең бастысы – Мемлекеттік тілдің мәртебесіне баса назар аударған. ForteKey арқылы сіз тек банк қызметтерін орындап қана қоймай, қазақ тіліндегі төл әріптері бар пернетақтаны пайдалануға мүмкіндік аласыз. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі «бугин», «казир» секілді паразит сөздерден құтылуға да жағдай жасалған. Яғни, сізде үш тілде дайын пернетақта болады және әр тілге арналған T9 бар. Егер сөз қате жазылса, T9 дұрыстап беруге тырысады.  

ForteKey арқылы паразит сөздерден құтылу мүмкіндігі туындады. Осының арқасында адамдар біртіндеп сауатты жазуға бейімделе бастайды.  Сондай-ақ, ForteKey-мен бірге қаржылық салада қазақша ғылыми тіл қалыптасады деген сенім бар. Яғни, қаржылық қызметтің түрлі операцияларын сипаттайтын қазақша контент пайда болады. 

4.      Фортекейді кімдер жасап шықты?

Бұл жобаны техникалық жақтан толық жасап шыққан «One Technologies» компаниясы. «One Technologies» Форте банкпен серіктес IT компания. Компания негізінен банктың техникалық жұмыстарын жасайды. «One Technologies» бұған дейін де ForteKey-ден басқа бірнеше жобаны іске асырған. Мәселен, ForteMarket, ForteKassa т.б.

Сервисті іске қосуға 3 ай уақыт жұмсалған. Қазір қолында самсунгі немесе айфоны бар кез келген адам бұл қызметті пайдалана алады. Нақтырақ айтсақ, бұл сервис IOS және Android жүйесінде де бар. Бұл автономды бөлек қосымша емес, негізгі Forte қосымшасының кеңейтімі. Сондықтан AppStore немесе PlayMarket-тен Forte қосымшасымен бірге ForteKey пернетақтаны жүктеп ала аласыз.

5.      Фортекейді смартфонға қалай орнатамыз?

Жоғарыда айтқанымыздай, алдымен смартфонға App Store немесе Play Market дүкендерінен «Forte» мобильді қосымшасын жүктеп аласыз. 

Жүктеп алған соң, телефон «баптаулар» бөлімінде ForteKey пернетақтасын қосу қажет. Бұл туралы толық инструкция нұсқаулар веб-сайтта қолжетімді – https://forte.kz/kk/fortekey/  немесе негізгі Forte қосымшада аударымдар мен төлемдер жасалғаннан кейін қадамдық нұсқаулық бар. Соны пайдалануға да болады.

6.      Ақшаны аударып жіберу үшін қандай функцияларды орындау керек?

ForteKey – сіз үшін нағыз таптырмас әрі өте ыңғайлы сервис. Форте банктің төлему жасау, ақша аудару, бірлік салу секілді қызметтерін енді 20 секунд ішінде whatsapp мессенджерінде отырып пайдалана аласыз. Бұл қалай?

Мәселен, Whastapp-та отырып ешқандай қиындықсыз, ForteKey пернетақтасымен ақша аударып жібере аласыз. Ол адамның карта нөмірін, қайда салу керектігін сұрап әуре болмай-ақ, бірден тіркелген телефон нөміріне аудара саласыз. Ең ғажабы, маңызды диалог болып жатқан кезде де, сол жерде отырып ақша аударып жіберуге болады.

Whatsapp, telegram, instagram, facebook, вконтакте – осының бәрі сіздің төлем жасау алаңыңызға айналды. 

7.      Неге мен осы пернетақтаны таңдауым керек?

Әлемде төлем жүйелерін әлеуметтік желілермен интеграциялаудың көптеген үлгілері бар: АҚШ-та және басқа да елдерде – Facebook Pay, Қытайда – WeChat Pay, Бразилияда, Үндістанда – WhatsApp Pay, Ресейде – VK Pay. 2017 жылы мессенджерде отырып төлем жасау функциясы – Apple Pay іске қосылған болатын. 

ForteKey пернетақтасының жоғарыда атап өткен үлгілерден ең басты артықшылығы – кез келген әлеуметтік желіде отырып-ақ ақша аударымдарын жүзеге асыру мүмкіндігі. 

Пернетақтаның мүмкіндіктері:

  • Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде икемді жасалған пернетақтаны пайдалана алу;
  • Шот балансын көру және онымен бөлісу;
  • Контакті бойынша ақша аударымдарын жасау;
  • Төлемдер жасау;
  • Тек ForteBank емес, басқа да банктерге ақша аударымдарын жасай алу.

8.      Бұл пернетақтаны 50-ден асқан ата-анам пайдалана ала ма?

Әлемде орта жастағылар мен қарттардың жаңа технологияны меңгеруіне түрлі заманауи құрылғылар жасалып жатыр. Ал Қазақстанда іске қосылған «Fortekey» – кез келген жасқа арналған, қазақша әріптерді де пайдалануға мүмкіндік беретін пернетақта.

Пернетақтаны әлеуметтік жоба ретінде жасап шыққан банк, оның қай жастағы болсын қарттардың пайдалануына болатынын айтады. Атап айтқанда, пернетақта арқылы немересіне ақша жіберу, телефонына бірлік толтыру, банк қызметін үйден шықпай орындауға болатын операцияларды ата-әжелеріміз өздері-ақ орындай алады. Оларға тек смартфон және «Forte» мобильді қосымшасын жүктеп алу керек.

9.      Кез келген банкке аударым жасап, бірлік сала аламын ба?

ForteKey пернетақтасы арқылы сіз әлеуметтік желіде немесе мессенджерде отырып, банктік қызметтердің кез келген түріне қол жеткізе аласыз. Яғни, аударымдар, есепшотты қарау, банктік тарихыңызды бақылап отыру, онлайн төлемдер жасау, салық пен коммуналдық қызметтерді төлеу – мұның барлығын ForteKey арқылы жүзеге асыруға болады.

Сондай-ақ, Форте банктен басқа, өзге де кез келген банкке ақша аударымдарын жасай аласыз. Бұл қызмет үшін де арнайы банк қосымшасына кірудің қажеті жоқ. Өзге банкке аударым жасау, бірлік салу – мұның бәрін әлеуметтік желі мен мессенджерлерде іске асыра аласыз. 

10. Fortekey пернетақтасының ерекшелігі неде?

Енді ForteKey пернетақтаның ерекшеліктері тоқталайық.

1. Ыңғайлы сервис 

Бұл пернетақта кез келген адам үшін өте ыңғайлы сервис. Себебі ол сіздің смартфонда, соның ішінде пернетақтада орналасқан. Сіз банк қосымшасына ауыспай-ақ кез келген банктік қызметті пайдалана аласыз.  

2. Қазақ тіліндегі дайын пернетақта

Пернетақта 3 тілде жұмыс істейді. Қазақ, ағылшын және орыс тілінде пайдалана аласыз. Сонымен қатар, қазақ тілінде диалог құрып отырып, банк қызметін де пайдалана аласыз. 

Жазу кезінде қате кетсе, сізге көмекші ретінде T9 бар.

3. Жылдам

20 секунд ішінде төлем жасап, бірлік жіберіп, ақша аударып та үлгересіз. Уақыт тапшы заманда, уақытты босқа жібермес үшін пернетақта сізге керек жылдам сервисті ұсынады. 

4. Бәрі бір жерде 

Банк қызметін пайдалану үшін арнайы мобильді қосымшаға кіріп, кілт сөзді теріп, кейін барып тұтынушының нөмірін терсеңіз, енді бұл бір жерге тоғысты.

Бұдан кейін аталған пернетақтаны кез келген жерде пайдаланып, банк қызметтерін орындай аласыз.

Ол үшін тек қана «Forte» мобильді қосымшасын жүктеп алу керек. 

5. Халыққа арналған әлеуметтік жоба

Бұл пернетақта қазақстандықтарға арналған әлеуметтік жоба. Жобаның басты мақсаты қазақ тілінде қызмет көрсету сапасын арттыру әрі қазақша жазуға халықты үйрету. Сол үшін де сервисте қазақ тілінде хат жазуға мүмкіндік жасалған.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button