Денсаулық & Психология

Қойдың жүні қан қысымына ем

Қазірде қазақ арасында ұмытылып бара жатқан атадан қалған бір кәсіп бар. Ол – қой жүнін түту. Халқымыз «ақтылы қой, алалы жылқы» деп қой мен жылқыға ерекше көңіл қойған.

Әсіресе, қойдың жүнінің емдік қасиеті барын халқымыз ежелден білген. Сондықтан түскиіз бен киізді, үстіге киетін киімді қой жүнінен тіккен. Әсіресе, жамылғы мен көрпе-көпшіктің бәрін осы қой жүнінен жасаған.

Мұның да сыры бар боп шықты. Қой жүні адамның қан қысымы мен бас сырқатын жазатын бірден-бір ем екен. Сондықтан қазір жастық пен көрпе өндірісімен айналысатын компаниялар жастық пен жастықшаларға тауықтың жүнін емес, қой жүнін сала бастады.

Академик Жасан Зекейұлының ғылыми зерттеулерінде қой жүніндегі шуаштың адам денсаулығына пайдалы екені айтылған. Халық емшілігінде басы ауыратын адамдарға, яғни, қан қысымы барларға жатарда жанына қойдың бір уыс жүнін қойып жатуға кеңес береді. Өйткені қой жүні – қан тамыры сырқаттарын жазатын табиғи ем.

Қой жүні қалай адамның қысымын реттейді дегенге жауап қарапайым. Өткен ғасырдың 50 жылдары доктор Альберт Крюгер микробиология мен нейробиология саласында арнайы тәжірибе жасап, оң ионды заттардың адам ағзасында серотонин гормонын көп бөлуге көмектесетінін дәлелдеген. Ал қойдың жүні дәл осы оң ионды көп бөлетін электростатикалық қасиеті бар зат саналады. Оң ионды электр заряды адам денесінде жиналып, серотонин бөледі. Ал серотонин көңіл-күйді жайландырып, ұйқы мен тәбетті, мидың нейрондары арасында байланысты жақсартады. Әсіресе, күйзеліс пен ашушаңдықты басады. Ұйқы безінің жұмысын жақсартады.

Аустралия мен Жаңа Зеландияның байырғы халқы дімкәс, шала туылған балаларды қойдың жүнімен орап, күтім жасайтын әдеті болған екен. Мұны тексеріп көрмек болған Кембридж университетінің ғалымдары 1983 жылы мынандай бір эксперимент жасайды.

Шала туылған сәбилерді бөлек инкубаторға салып, астында қойдың жүнін төсеген екен. Тәжірибенің қорытындысы рас болып шықты. Дімкәс, жарымжан туылған сәбилердің денсаулығы жақсарып, тез салмақ жинап, тыныш ұйықтап, жақсы тамақтанатын болған. Қой жүнімен оралған бала көп жыламайтын көрінеді. Денесінде мүлде аллергия болмаған. Өйткені табиғи қой жүні ауа жақсы өткізеді. Содан бала терлемейді.

Қазақы қойлар жүнді, қылшықты жүнді болады. Еділбай тұқымды құйрықты қойдың жүнін жылына екі рет күзге қарай және жаз шыға қырқады. Қыстан шыққан қойлардың жазда қырқылмайтын жүні жабағы жүн деп айтылады.

Жабағыны жүннің қырқылған жағынан жұқа матамен көктеп алып, кісінің бойымен шақ күпіні пішіп, сыртын тыстық матамен қаптап, жаңа жеңін жинап тігеді. Күпіні қыста киіз үйде жамылып отырған.

Жабағы жүннен көпшік, көрпелер жасайды. Оны бөстек дейді. Бұл – қысқы, күзгі сыздан сақтайтын жылы, жұмсақ төсеніш.

Ал күзгі жүнді күзем жүн дейді. Ол қылшықты болады. Өйткені жаз бойы далада жайылып, жауын-шашынның астында көп жүргендіктен, малдың бұл жүнінде шайыр аз болады. Мұндай жүн ұйыспайды, сусылдап тұрады. Бұл жүні көбіне алаша тоқуға пайдаланады. Киіз үйдің киізін де осы жүннен басқан.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button