Ұялы телефон қатерлі ісікке әкеле ме?
Қазіргі ақпараттық қоғамда шешімін таппаған сауалдардың бірі – «ұялы телефонның қатерлі ісікке себепші болуы мүмкін бе?» деген сауал.
Бұл – шешімі әлі табылмаған, түйіні бір тоқтамға келмеген мәселе. Мәселен, Израиль дәрігерлері 1999-2014 жылғы қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың деректерін тексере келе, мобильді байланыс жүйесін жаппай қолдану мен қатерлі ісіктің арасында еш байланыс таппаған. Яғни, ұялы телефон қатерлі ісікке әкелуі мүмкін деген тұжырымға нақты дәлел таба алмаған.
АҚШ Ұлттық онкология институты да ұялы телефон ми қатерлі ісігі – глиобластомаға әкелуі мүмкін бе дегенге зерттеу жүргізіп, түк таппаған екен. Бұл аурудың соңғы 19 жылдағы жиілігі көбейе қоймаған. Яғни, соңғы 20 жыл ұялы байланыстың кең дамыған кезеңі еді.
Қазақстандық профессор, медицина ғылымдарының докторы Алмаз Шарманның айтуынша, қатерлі ісік пен ұялы байланыс арасындағы қандай да бір себеп-салдарды анықтау үшін 19 жылдық зерттеудің жеткіліксіз екенін айтады. Қатерлі ісік көпке дейін білдіртпейтін дерт, сондықтан оның салдары ұзақ жылдан кейін белгілі болуы мүмкін дегенді алға тартады.