Денсаулық & Психология

Адам рухының күшін дәлелдейтін 10 фотосурет

Кейде біз басымызға қиын іс түскенде сынып кетеміз де, ары қарай өмір сүргіміз келмейтін сәттер болады. Сондай кездерде қандай жағдай болмасын, рухын биік ұстайтын жандардың жетістігіне қарап мотивация алу керек. Төмендегі фотосуреттерге қараңызшы.

2017 жылы Хью Джекманның бесінші рет ракты жеңген кезінен.

«Тур де Франс» 16-кезеңінен кейінгі велоспортшы Павел Полянскидің аяғы.

Филиппиндік мұғалім оқушыларына сабақ өту үшін күн сайын асау өзенді кешіп өтеді.

Фауджа Сингх 100 жасында марафонды 8 сағат 25 минут 18 секундта жүгіріп өтіп, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Мына сурет сол марафоннан. Қазір марафоншының жасы 110-да.

9 жасар Даниэль Кабрера кафенің ішінен түсіп тұрған жарықпен сабағын оқып отыр.

Дашратх Манджхи ауылдастары уақытында медициналық көмек алсын деп 22 жыл бойы өз ауылы мен қала арасын бөліп тұрған таудан жүретін жол салған.

Мауле Дхан әдеттегідей омартадан араның балын алып, лагеріне оралуда.

Мария Лорена Рамирес Мексика марафонының жеңімпазы. Ол белдемше мен сандал киіп жүгірген.

Тед Раммель мүгедектер арбасына таңылса да, хирургтік жұмысын тоқтатпаған.

Джон Брамблитт – керемет өнер туындыларын дүниеге әкелген зағип суретші.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button