Денсаулық & Психология

Баланың төсекке кіші дәрет жіберуін қалай қойғызуға болады?

Балалар мен қарттар арасында көп кездесетін дерттің бірі – төсекке дәрет жіберу. Халық арасында кейде «шыжың» деп те атайды.

Бала есейе келе мидың қуық пен дәретке жауап беретін бөлігі дамып, шартты рефлексі қалыптасады. Бұл кезде бала өзімен-өзі дәретке бара алатын жағдайға жетеді. Ал бұл бөлігі әлсін дамыған баланың дәрет ұстауға қауқары жетпейді. Мұның алдын алуға болатын халық емшілігінде түрлі ем бар.

Солардың бірнешеуін айта кетейік.

– Иттің еріткен іш майын ыстық сүтке салып ішкізеді. Науқасқа ішкізер кезде иттің майы екенін айтуға болмайды.

– Қуық үсті мен белді орап, күн сайын жылқының тұздалмаған майын жағуға болады. 

– Адыраспан қайнатып суын ішкізуге, күніне үш рет адыраспанның жеті дәнін екі ай жегізуге болады.

– Жабайы қоянды ұстап, етін жегізіп, сорпасын ішкізеді. Күнде қайнатып беріп тұру керек. Басын духовкаға немесе қоламтаға пісіріп, бір қоянның миын екіге бөліп, күнде бір бөлігін жегізсеңіз, бес қоянның ми етін жегізсеңіз төсекке симейді. Бұларды беріп жүрген кезде тәтті тағам беруге болмайды.

– Он қара шегірткені кептіріп, талқандап, қайнаған сумен 7 күн ішеді.

– Дәуіт сіркесінен 15 грамм, ащы шырмауықтан 15 грамм, жусай тұқымынан 6 грамм суға қайнатып, бір күнде екі рет ішсе, қарттардың несеп тоқтамауына ем болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button