Бүлдіршіндерге көмек қажет: Киби-саусақ деген не?
Қор ұйымдастырушылары жасанды мүшені "протез" деп айтпайды
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жасанды мүше не протез орнатуға мүмкіндік бар. Мұндай бастаманы қолға алған «Артель» қайырымдылық қоры бір жылда 7 балаға көмек көрсеткен. Соның арқасында балалар протез-қолға ие болып, жүріп-тұруға мүмкіндік алды.
Қор ұйымдастырушылары жасанды мүшені «протез» деп айтпайды. Оның орнына «киби-қол», «киби-саусақ» деп атағанды жөн көреді.
«Киби-қол дегеніміз – кәдімгі протез. Қолы жоқ адамдарға арналған жасаны сүйек. Білек және кәрі жілік буындарымен байланысқан. Сол арқылы ашылып-жұмылады. Балалар «протез» деген сөзді аса ұнатпайды. Жағымсыз әсер береді. Сондықтан біз мұны киби-қол дейміз. Ал балалар оны заманауи гаджет деп ойлайды. Содан қызығушылығы басым», – деп түсіндірді қор басшысы Алена Данилова.
Бүлдіршіндер киби-қолдың дизайнын мен суретін өздері таңдайды. Өндірушілер соған орай жасайды. Қорапта протезбен бірге қасық пен қаламды ұстауға арналған арнайы бекітпе бар. Сол арқылы бала қаламмен сурет салып, жазу жазады.
«Жарықшам, смартфон мен скакалка ұстауға арналған бекітпелер де бар. Мұның бәрі – балаға кез келген іспен айналысуға жағдай жасау үшін, құрдастарынан қалмас үшін істелген», – дейді Алена Данилова.
Қор жетекшісінің айтуынша, протез-қол салдырғысы келетін бала да ата-ана да көп. Әрі көбінің қалтасы да көтермейтін көрінеді.
«Қайымдылық қорды былтыр аштық. Сонда протез салдырғысы келетін балалардың елімізде көп екенін әрі оған ата-ананың қаржысы да жете бермейтінін көріп таңқалдым. Қорды ашуға да сол себеп болды. Қордың қызметі – Қазақстандағы мұқтаж балаларға көмектесу. Киби-қол жасатуға атсалысу. Былтыр біз 7 балаға киби-қол салдырдық. Қазір қордың тізімінде протез-қол алғысы келетін 8 бала кезекте тұр», – дейді ол.
Осы бүлдіршіндерге бақыт сыйлау үшін start-time алаңында краудфандинг іске қосқан екен.
«Краудфандинг – Қазақстанға енді келген демеушілік түрі. Енді ғана қанат жайып келеді. Қазір біздің Фатима мен Данель есімді бүлдіршіндерге «киби-қол» жасату үшін қаржы жинап жатқан жайымыз бар. Соған атсалысқан, қайымдылық жасаған жанға алғысымыз шексіз», – дейді Алена Данилова.
Қайымдылық жасауға ниетті барша абзал жандар мына сілтемеге өтіп, көмек көрсете алады. Қайымдылық қордың Instagram-дағы аккаунты – bf_artel.