Дәрігер қан қысымын түсіретін тамақ түрлерін атады
Көбірек қимылдап, жаттығу жасап, кейбір тағам түрлерін көбірек жеу арқылы қан қысымын түсіруге болады. Бұл жайлы АҚШ кардиологы Джеральд Флетчердің Health басылымына берген зерттеуінде айтылған.
Дәрігердің айтуынша, қан қысымы жоғары адамдар ең алдымен көбірек қимылдауға, жаттығу жасауға тырысуы қажет. Күнде жүріп, жүгіріп не жүзуге барғаны, велосипедпен жүргені жөн.
Күнделікті жаттығу мен дене қимылы кем дегенде жарты сағаттан асуы тиіс.
«Көбірек қимылдаған адамның гипертонияға ішетін дәрі-дәрмегі де азаяды», – дейді маман.
Ал тамақ рационына келер болсақ, дәрігердің айтуынша, тұз бен кофеин қосылған азық-түлікті азайту керек. Бұлар қан қысымын бірде көтеріп, бірде түсіріп жіберуі мүмкін.
«Қан қысымы жоғары адамдар күніне екі шынаяқтан кофеден артық ішпегені жөн», – дегенді айтады дәрігер.
Дәрігер мына азықтарды көбірек жеуді ұсынады: банан, калийі көп тамақтар, йогурт, сүт өнімдері.
Ішімдік ішу мен темекі шегуден барынша тартынған абзал.