Денсаулық & Психология

Дәрігер: Малдың етін аздап жеген дұрыс

Етті көп жеу қатерлі ісікке әкелетіні ғылымды белгілі. Оны дәлелдейтін ғылыми еңбектер жетерлік. Етті ақ және қызыл ет деп бөлуге болады.

Ақ ет дегеніміз – құстың еті, ал қызыл ет – малдың еті.

Қызыл етті жиі тұтыну тік ішек, ұйқы безі, асқазан, сүт безі мен қуықасты безі қатерлі ісігінің пайда болуына ықпал етеді. Мал етінің құрамында қаныққан май көп мөлшерде болады. Қаныққан май жыныстық гормондардың синтезінен пайда болады. Ондай май адам ағзасына түскенде, гормональды теңсіздік тудырады. Мұндай теңсіздік жыныс мүшесінің қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.

Ет жеуге шектеудің қоюдың тағы себебі бар. Қазір малды бордақылау үшін түрлі пестицид пен синтетикалық гормондар береді. Ондай гормон адам ағзасына түссе, тағы да гормоналды теңсіздікке әкеледі.

Бұл – ет жеуді мүлдем доғару деген сөз емес. Күніне 100 грамдай жеген жөн. Одан артық желінген ет қатерлі ісікті тудыру қауіпі де күшейеді.

Етті қалыпты мөлшерде жеу ағзаға пайдалы. Бұл ақуыздың негізгі көзі, яғни құрамында барлық маңызды аминқышқылдары бар. Ақуыз жасушалар мен тіндерді жаңартуға, бауырды тазартуға және денеде энергия өндіруге көмектеседі. Ет құрамында карнитин мен карнозин сынды пептидтер бар.  Олар энергия өндіруде, дене ұлпаларының инсулинге жоғары сезімталдығын сақтауда, сонымен қатар организмнен улы заттарды шығаруда маңызды рөл атқарады.

Еттің құрамында альфа-липое қышқылы деп аталатын күшті антиоксидант бар. Ол адам ағзасын мырыш, темір, В12, В1, В2, В3 дәрумендерімен байытады. Қатерлі ісік ауруының алдын алу үшін қызыл етті күн сайын емес, аптасына 500 грамнан және әр тағамға 100-150 грамнан аспайтын мөлшерде жеу керек.

Еттің  қорытылуы қиын өнім екенін есте сақтап, оны көкөністермен бірге жеген жөн. Бұл оның тез сіңуіне әсер етеді. Ет көкөніспен жақсы қорытылады. Өйткені көкөністе қатерлі ісікке қарсы көмектесетін әр түрлі канцерогенді қосылыстар бар.

Профессор Алмаз Шарман

Дайындаған: Толғанай Бейсенбаева

Оқи отырыңыз: Қуыру, асу, қақтау: Етті қалай дайындау пайдалырақ?

Ұқсас мақалалар

Back to top button