Фобия деген не? Қалай пайда болады?
Фобия – еріксіз қорқыныш. Адам фобияны басқара алмайды және дер кезінде тоқтата алмайды.
Қарапайым қорқынышты логикалық түрде түсіндіруге, жеңуге болады. Фобиямен күресу, оның пайда болу себебін түсіну қиын. Белгілі бір зат немесе құбылыстан қорқу нақты қауіпке сәйкес келмеуі мүмкін.
Фобия белгілері:
Тыныс алу жүйесінің қиындауы, тұншығу;
Ауыз қуысы құрғайды;
Қан қысымы жоғарылайды;
Жүрек айнуы;
Кеуде ауырсынуы немесе қысым;
Бас айналу;
Әлсіздік;
Фобиялардың негізгі себептері
Сарапшылардың айтуы бойынша, фобия қалыптасуының бірнеше факторы бар. Олар биологиялық, генетикалық, психологиялық және әлеуметтік.
Биологиялық және генетикалық фактор
Ағзада тыныштандырғыш әсері бар қышқылдың (гамма-аминобутир қышқылы) болмауы қорқыныш пен үрейдің күшеюіне алып келеді.Фобияның пайда болуына ықпал етеді.Қышқыл мөлшерінің төмендеуі ми жарақаты, есірткі, стресс және депрессиядан болуы мүмкін.
Сонымен қатар, фобияның себебі генетикалық фактор болуы мүмкін. Егер ата-анасында қандай да бір фобия болса, баласында сол фобия жиі кездеседі.
Психологиялық фактор
Сөздерді немесе әрекеттерді дұрыс түсінбеу,стресс,депрессия және басқа да психологиялық мәселелер фобияға алып келуі мүмкін.
Белгілі бір қорқыныштар эволюция процесінде пайда болған. Мысалы, ашық кеңістіктен қорқудың тамыры сонау ертеде, қоршалмаған жердегі жабайы жануарлардың шабуыл қаупі болған кезде жатыр.
Әлеуметтік фактор
Әлеуметтік фобияның пайда болуына ата-ананың тым қатал қарауы, құрдастарымен қарым-қатынастың дұрыс болмауы ықпал етеді.
Сондай-ақ әлеуметтік және материалдық жағдайға байланысты әртүрлі фобиялар пайда болуы мүмкін.
Фобия типтері
Қазіргі таңда иррационалды қорқыныштың 400-ге жуық түрі бар. Фобияларды жүйелеу өте қиын процесс. Олардың пайда болу және даму факторларын, белгілері мен емдеу әдістерін ескеру қажет. Фобия түрлерін анықтаудың ең танымал тәсілі – қорқыныш сюжеті бойынша анықтау.
Белгілі бір жағдайлардан қорқу
Мұндай фобиялар әдетте белгілі бір жағдайда қатты қорқынышты бастан кешіргеннен кейін пайда болады. Бұл кез келген көлік түрінен (ұшақ, кеме, пойыз), жабық немесе ашық кеңістіктерден қорқу, сонымен қатар жалғыздықтан қорқу болуы мүмкін.
Абдірахман Аружан