Денсаулық & Психология

Ішіп жүрген суымыз қандай ауруларға душар етуі мүмкін?

Жер шарының 4/3 бөлігін су алып жатыр. Барлық тіршіліктің, табиғаттың, адамдар мен жануарлардың қайнар көзі суға байланысты.

Адам ағзасының 75 %-ы судан тұрады.

Оның ішінде:

  • көз – 95 %;
  • ми – 85 %;
  • қан – 83 %;
  • бүйрек – 83 %;
  • өкпе – 80 %;
  • бауыр – 77 %;
  • жүрек – 75 %;
  • сүйек – 22 % судан тұрады.

Ағза дұрыс жұмыс жасау үшін күніне 2-2,5 литр су ішуіміз керек. Яғни, 8-10 стакан ауыз су тұтынуымыз қажет.

Ағзаға су жетіспесе не болады?

  • 1 % – шөліркейді;
  • 2 % – тәбет жоғалады (20 % жеткенде қол-аяқ істемей қалады);
  • 4 % – лоқси бастайды;
  • 10 % – ыстығы көтеріледі;
  • 11 % – шұғыл түрде медициналық көмек қажет;
  • 20 % – адам өліп кетуі мүмкін.

Ауыз суды қалай пайдаланып жүрміз?

Жер шарының 4/3 бөлігін су алып жатқанымен, ішуге жарамды ауыз судың үлесі өте аз. Сондықтан, ауыз суды үнемдеу мен жаңа көздерін табу мәселесі халықаралық деңгейде көтеріліп жүр.

Ауыз су алудың кең тараған үш жолы бар:

  • бұлақтар мен бастаулар;
  • табиғи су айдындары;
  • су қоймалары.

Тоғанға жиналған тұщы су қалалар мен елді мекендерге су құбырлары арқылы айдалады. Алайда тұтынушыларға жөнелтерден алдын суды тазарту процесі жүргізіледі.

Тазарту үш кезеңнен тұрады:

  • тұндыру;
  • оттегімен қанықтыру;
  • хлорлау.

Бәріміздің үйіміздегі краннан ағып тұрған су осы. Біз бұл суды ішеміз, тамаққа пайдаланамыз, кір жуамыз, қажетіміздің бәріне пайдаланамыз.

Алайда кейбір отбасылар, әсіресе қала тұрғындары кранның суын тек жуыну мен кір жууға пайдаланып жатады. Ішуге, тамаққа істетуге арнайы фильтрден өткен суды қолданады.

Бұның себебі де жоқ емес. Кранның суы құбыр арқылы ұзақ айдалады. Ал ол су құбырлары әбден ескіріп, тозығы жеткен. Тат басқан, шіріген.

Мамандардың зерттеуі бойынша, біз пайдаланып жүрген ауыз судың құрамында ағзаға зиянды заттар көп.

Бұл зиянды заттар:

  • шлактар;
  • токсиндер;
  • вирустар;
  • микробтар;
  • хлор;
  • ауыр металдардың тұзды қабаты.

Біз зиянды ауыз су ішіп жүрміз бе?

Әрине, осыншалық зиянды суды неге пайдаланып жүрміз деген сұрақ туады. Мемлекет бізді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етпей ме деген ой келеді.

Ауыз судың сапасын жақсарту барлық елде мемлекеттік құрылымның міндетіне кіреді. Біздің елде де бұған қатысты кең көлемді жұмыстар атқарылады.

Дегенмен, ауыз судың құрамына зиянды заттар енуінің сыртқы факторлары бар. Осы факторлар мәселені одан сайын күрделендіріп отыр.

Ауыз судың бүлінуіне не себеп?

  • жанармай құю бекеттері, автожөндеу және көлік жуу орындары;
  • қоқыс полигондары;
  • қышқылды жаңбырлар;
  • жер асты қабаттарындағы металдар мен минералдардың еруі;
  • су қоймаларының ластануы;
  • су құбырларының тозуы;
  • автомобильдерден шығатын газ;
  • ауыл шаруашылығындағы химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтер;
  • зауыттардан бөлінетін сұйық және газ тәрізді қалдықтар.

Ауыз судың бүлінуіне әсер ететін факторлармен күресуге тек қана мемлекет жауапты емес екенін ескеруіміз керек. Ауыз судың бүлінбеуіне біз де жауаптымыз.

Жер бетінде ауыз су қоры өте аз. Сондықтан, үнемді пайдалану өте маңызды.

Бүлінген ауыз су қандай ауруларға себепші?

  • бүйрек қызметінің бұзылуы;
  • бауырдың зақымдануы;
  • паралич қаупін арттырады;
  • артық салмақ қосуға себеп болады;
  • жүрек қызметін ауырлатады;
  • инфаркт қаупін арттырады;
  • аллергиялық реакциялар тудырады.

Өркениетті елдердің көптеген тұрғындары микробиологиялық тұрғыдан қауіпсіз су ішеді. Бөтелкедегі немесе фильтрленген судан ауырып қалу қаупі аз.

Ауыз су фильтрді уақытында өзгертпегеннен, судың сақталу мерзімін қадағаламағаннан және бөтелкедегі су ұзақ уақыт ашық тұрғаннан да бұзылады. 

Әлемде миллиардтан астам адамның таза ауыз суды пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Олар жақын маңдағы өзендер мен көлдердің суын ішуге мәжбүр. Ол сулар тазартылмаған әрі  бактерияға қарсы фильтрленбеген.

Таза ауыз су пайдалану – деннің саулығы мен ұзақ өмір сүрудің кепілі екенін естен шығармайық!

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button