Денсаулық & ПсихологияҚоғам

Коронавируссыз 10 мемлекет: Неге әлі күнге дейін COVID-19 жоқ?

Пандемия бүкіл әлемді жаулап алған жоқ. Әлі де қауіпті инфекциядан азат жекелеген елдер, қалалар, аралдар мен аймақтар бар.

Джильо аралы

Италияға қарасты Тоскана архипелагына жататын Джильо аралындағы антикоронавирустық феноменді ғалымдар әлі де зерттеу үстінде. Бұл аралда пандемия басталғалы бері коронавирустық инфекцияның бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Зерттеушілердің пікірінше, мұндай жағдай аралдағы ауаның тазалығына және тұрғындардың ерекше иммунитетіне байланысты болуы мүмкін.

Бұл аралға негізінен коронавирус жұқтырған туристер жиі келіп тұрады. Оларға маска тағу немесе арақашықтық сақтау секілді талаптар да қойылмайды екен. Бірақ соған қарамастан, жергілікті халық арасында инфекция тарамаған.

Джильодағы осы феноменге қызыққан ғалымдар аралдың негізгі үш елді мекенінде тұратын барлық ересектер арасында жедел тестілеу өткізеді. Олар SARS-CoV-2 антиденелерін және симптомсыз жағдайларды анықтауға тырысты, бірақ бірде бір сілекей сынамасы оң нәтиже берген жоқ.

Зерттеушілердің айтуынша, вирусқа қарсы тұрудың екі себебі болуы мүмкін: біріншісі – ластанбаған таза ауа және аралдың барлық тұрғындарының коронавирусқа қарсы иммунитеті. Зерттеушілер үшін ең көңілге қонымды себептер осы боп тұр, алайда аралдың басқа да ерекшеліктерін зерттеуді жоспарлауда.

Океания

Океания аралдары да әлі күнге дейін коронавирустан аман. Қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша COVID-19 тіркелмеген аймақтарға Кирибати, Науру, Ниуэ, Кук, Палау, Тонга, Тувалу елдері және Микронезия федеративті штаты кіреді.

Әр елдің үкіметі өткен жылдың наурыз айында төтенше жағдай жариялаған болатын. Вакцина барлығына қолжетімді болғанға дейін екі жыл бойы қатаң шектеулерді сақтануға ниеттеніп отыр.

Мәселен, Науру аралында басқа елден шұғыл шаруамен келгендерге арнап міндетті түрде карантин жарияланады, оның үстіне басқа елдермен әуе қатынастарына да шектеулер қойылған. Бұл аралда COVID-19 жұқтырған бірде-бір адам тіркелген емес.

Тувалу аралы да сыртқы әлемнен мүлдем оқшауланған. Сонымен қатар, билік жергілікті тұрғындарды шектеу шараларын сақтамағаны үшін қатал жазалайды, маңызды тауарлардың бағасын қатаң бақылауға алады және бизнесті несиелеу арқылы қолдайды.

Тонга аралының тұрғындарына кешкі 9-дан таңғы 5-ке дейінгі аралықта көшеге шығуға тыйым салынған. Оларда сақтану шаралары барынша қатаң жүргізіледі. Себебі жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше ғана адам ауырса да, вируспен күресе алмайтынын ескерткен.

Солтүстік Корея

2021 жылдың қаңтардағы көрсеткіші бойынша, вирус таралғалы бері Солтүстік Кореяда бірде бір коронавирус жағдайы тіркелмеген. Өткен жылдың қазан айында Ким Чен Ын бұл туралы үкіметтің және әскери қолбасшылықтың бірде-бір өкілі қорғаныс маскасын тақпаған шарада мәлімдеген еді.

БАҚ өкілдері «билік шындықты жасырып отыр» деп күдіктенеді. Бірақ Bloomberg агенттігі сараптағандай, Солтүстік Кореяның медициналық жүйесінің мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, тұрғындар арасындағы жаппай ауру гуманитарлық апатқа алып келуі мүмкін еді.

Сарапшылар Солтүстік Кореяның Қытаймен арадағы шекараларын 2020 жылдың қаңтарында, басқа елдер вирус қаупі туралы әлі ойланбаған кезде-ақ жауып тастағанына да назар аударып отыр. Жыл бойына тұрғындар маскаларын шешпеген.

Түркіменстан

Коронавирус жетпеген тағы бір ел – Түркіменстан. Бірақ бұл тек ресми деректер бойынша ғана. ДДСҰ делегациясы өткен жылдың шілдесінде елге он күндік іссапармен келіп, COVID-19 жұқтырған ешқандай жағдайды таппады, алайда пневмонияның өршіп тұрғанына алаңдаушылық білдірген.

Ал БАҚ пен тәуелсіз ақпарат көздері елде нақты статистиканы жасырып отыр деп жар салуда.

Өткен жылдың қыркүйек айында «Азатлык Радиосы» Түркіменстандағы дәрігерлер мен шенеуніктердің коронавирустан қаза болып жатқандарын айтқан болатын. Бірақ ол кезде де билік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button