Министр елде «Британ» штаммының белгілері барын айтты
Қазақстаннан Ұлыбритания, Африка мен Бразилияда тараған коронавирустың мутициялық түріне шалдыққандар бар. Қазір оны нақтылау үшін зертханалық тексерістер жасалып жатыр. Бұл жайлы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желіде жазды.
«Алматыда коронавирусқа шалдыққандардан алынған тест үлгісі 2021 жылы 17 наурызда Қоғамдық денсаулықты сақтау ұлттық орталығының зертханасында тексеріліп, оның мутациялық түр болуы мүмкін екені анықталды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл мутация «Британ», «Оңтүстік Африка», «Бразилия» штаммына жатуы мүмкін. Зерттеудің нақты қорытындысы бір айдан соң, толықгенді тексеріс аяқталғаннан кейін белгілі болмақ«, – деп жазды министр.
Министр сөз барысында коронавирустың бұл мутацияларын емдеуге «Спутник V» вакцинасының шамасы жететінін айта кетті.