Психологиялық тест: ішкі әлеміңнің құпиясы
Өзің жайлы өзің білмеген құпияны ашқың келе ме? Онда ең қарапайым әрі ең қызықты психологиялық тестті шешіп көр. Тестті орындау үшін таза парақ, қалам және аздаған минуттар керек.
Алдымен парақты дәл ортасынан төрт терезеге бөл:
Сол жақтағы үстіңгі терезеге нүкте (.) қой;
Оң жақтағы үстіңгі терезеге тіктөртбұрыш (□) сыз;
Сол жақтағы астыңғы терезеге тең (=) белгісін сал;
Ал оң жақтағы астыңғы терезені бос қалдыр.
Енді барлық артық ойды мидан шығарып, тестті орындауға кірісу керек. Ол үшін бастапқы үш терезеге ойға алғаш боп келген суреттерді сал. Ол түрлі сызбалар, сұлбалар, кескіндер, жауһар картина – әртүрлі нәрсе болуы мүмкін. Әрқайсысына 15 секундтан артық уақыт жұмсама. Ал соңғы бос тұрған терезеге қайықтың суретін сал.
Енді шешімін білетін сәт жетті!
«Ішкі әлеміңнің құпиясы» атты психологиялық тесттің жауабы:
1.Сол жақтағы үстіңгі терезедегі сурет қоршаған ортаңызбен байланысыңызды білдіреді. Нүктемен қатар, тағы да ұсақ нүктелер, шашыраңқы кішкентай детальдар салынған болса, ол адамның ашықтығын, көпшілдігін, жұғымдылығын білдіреді. Ал спиральдар, шеңберлер, сопақшалар тұйық, жабық адамды көрсетеді.
2.Оң жақтағы үстіңгі терезеге салынған сурет ішкі «менді» ашады. Эгоист адамдар тіктөртбұрышқа қатысы жоқ сурет салады немесе екеуінің байланысын аз қылады. Ақ көңіл, көпшіл адамдар суретті берілген фигураға қатыстырып салады. Көбінесе қабырға, параллелепипед, кірпіш болуы мүмкін. Ал альтуристер, әдетте, үй салады.
3.Сол жақта орналасқан астыңғы терезедегі сурет қарама–қарсы жыныстағы адаммен байланысты көрсетеді. Деталь аз болған сайын және сызықтан алыс болған сайын, қарым-қатынас құру жеңіл бола бермек. Ал өзіне сенімсіз адамдар түрлі символдар мен белгілер арқылы бейберекет пирамида құрастырады.
4.Соңғы сурет махаббатты білдіреді. Романтиктер артық детальдар салуға құмар: желкен, жұлдыздар, бұлттар, адамдар, жануарлар, т.б. Ұқыпты, қатқыл мінезді адамдар ешқандай безендірусіз-ақ қарапайым сызықтармен қайықты ғана салады. Ал ессіз арманшылдар, сезімге басымен кететіндер толқып жатқан теңізді, теңсетіліп бара жатқан махаббат қайығын бейнелейді.