Денсаулық & Психология

Шемішке шағудың зияны қандай?

Шемішкенің көбі қуырылып сатылатыны белгілі. Ал қуырылған тағам адам ағзасында канцерогендерді көбейтіп жібереді.

Канцероген деп ағзада қатерлі ісік тудыратын бөлшектерді айтады. Ресей эндокринологы Татьяна Бочарованың айтуынша, шемішкені жиі шағу соқыр ішекке, асқазан ауруларына әкелуі мүмкін. Әсіресе, асқазанында жара мен гастрит барларға қиындау.

«Егер гастриті мен асқазан жарасы бар  адамдар шемішкені жиі шақса, ауруы асқынып кетуі мүмкін«, – дейді эндокринолог.

Шекілдеуіктің ағзаға әкелер тағы бір зияны – майлылығы. 100 грамм шемішкеде 50 грамм май болатын көрінеді. Әдетте, адам шемішкені азық, тамақ деп есептемей, көп шаға береді. Ал оның калориясы кешенді түскі аспен бірдей екенін ұмытып кетеміз.

«100 грамм шемішкенің тағамдық құндылығы – 550 калория. Бір плитка шоколадпен тең«, – дейді Бочарова.

Маманның айтуынша, бір күндегі шемішкенің нормасы 30 грамнан аспауы тиіс. Тағы бір ескерер нәрсе, қуырылмаған шемішкені шаққан дұрыс. Өйткені қуырылған аста канцероген көбейіп кететін көрінеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button