Денсаулық & Психология

Суреттен ең бірінші не байқадыңыз?

Qadam.asia сайты оқырмандарына кезекті психологиялық жай күйіңізді, мінезіңізді анықтайтын тестті ұсынады. Ең бірінші суреттен не байқадыңыз?

Сәби. Сіз уайымшыл адамсыз. Өзіңіздің мәселеңізден бөлек, жанашыр адамдарыңыздың да мәселесіне бас қатырып, бірге шешуге үнемі қадам жасайсыз. Алайда одан сізге келіп кетер пайда жоқ.

Ең жаманы, өз жасаған жақсы, игі істеріңіздің жауабын күтесіз. Алғыс айтқанын, жақсылығыңның қайтқанын қалайсыз. Дәл осы мінезіңіз сізді тіптен уайымға салады. Бірақ өте миірімді, бауырмал, мінезіңіз ашық адамсыз.

Өзге адамдармен де өз танысыңыздай тілдесіп кете аласыз. Сенімді көп артасыз. Қарт адам сіздің шаршаңқы түріңізді емес, ішкі дүниеңіздің шаршағанын білдіреді.

Бойжеткен мен бозжігітті көрген болсаңыз, сіз жайдары, ештеңеге алаңдамайтын өте байсалды адамсыз. Барлық адамға бірдей қарайсыз.

Тіке айтуға ұялып, астарлап, жұмбақтап жеткізу ең жақсы қасиеттеріңіздің бірі. Әрдайым жақсылық жасаудан жарысасыз.

Өкінішке қарай, сіз де өзіңіз жасаған жақсы амалдарыңыздың қайтарымы болғанын қалайсыз. Әңгіме айтуға жақынсыз, сізге сыр ақтарған адам еш өкінбейді. Өйткені қолдауды керемет көрсетесіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button