Төрегелді Шарманның ауызашарға ұсынған тамақ рационы
Тағамтанушы, ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов ораза ұстаған жандарға сәресі мен ауызашуға пайдасы мол тамақ рационын ұсынды.
Академиктің айтуынша, ауызашардың тағамын екі бөліп жеген жөн.
«Алдымен, 1 шай кесе су және құрмамен ауыз ашып, 1 сапар кесе сорпа және салат жеген дұрыс. Бір сағаттан кейін 1 сапар кесе майсыз ақуызды бұқтырып, пісіріп жеуге болады. Оған ет, тауық еті, балық, жұмыртқа, үрмебұршақ жатады. Сонымен бірге тұтас дәмді жармадан жасалған бір сапар кесе гарнир, салат және сүт немесе жеміс-жидек десертін тұтынуға болады», – дейді Төрегелді Шарманов.
Ал тағамтанушы сәресіге келесідей тамақ рационын ұсынады:
– 1-2 пісірілген жұмыртқа
– 30 грамм тұздалмаған ірімшік
– зәйтүн майы қосылған көкөністер
– 3-4 дана грек немесе 6-8 дана бадам жаңғағы
– 2 кептірілген өрім
– 1 шай кесе айран
– тұтас дәнді нанның 1-2 тілімі
«Сондай-ақ, ауыз бекітерде ағзадағы су мөлшерін ескерген дұрыс. Өйткені күн ыстықта көп терлесеңіз, термен бірге ағзадағы микроэлементтер шығып кетуі мүмкін. Ал оны сумен толтырасыз. Күніне 2-2,5 литр су ішіңіз. Суға айран мен сүт те жатады», – дейді академик.