Денсаулық & Психология

Төрегелді Шарманов: «газдалған сусын адам ағзасында кальцийдің бәрін шайып кетеді»

Қазақ тағамтану академиясының президенті, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің құрметті профессоры, академик Төрегелді Шарманов дұрыс тамақтану жайлы ой-пікірін айтып жүрген танымал адамдардың бірі. Қазақтың нөмір бірінші тағамтанушысы деуге болады.

Қазір жасы 90-нан асқан ғалымның тамақтану мен тағамтануда жинаған тәжірибесін айтпаса да түсінген боларсыз.

Ендеше ғалымның дұрыс тамақтану жайлы айтқан ойларын жинастырып ұсынуды жөн көрдік.

Тамақтанғаннан кейін қысқа серуендеуге тырысыңыз, тіпті бес-он минуттық серуеннің пайдасы зор.

***

Егер әр адам денсаулығына өзінде бар капитал деп қараса, ол адам бірінші кезекте дұрыс тамақтануға дағдылануы керек. Сонда ғана қазақ ерте қартаймайды. Оның алып бара жатқан құпиясы жоқ. Дұрыс тамақтануды жүйелеп алсақ, қартаймаудың ең негізгі басымдылығы осы.

***

Бүгінгідей сананы тұрмыс билеген заманда, халықтың басым көпшілігі жұмысбастылықтың салдарынан тез тамақтана салуға құмар. Кейбіреулер сапалы тамақтану дегенді тоя тамақ жеу деп түсініп жатады.

Мәселе, қарынның тоқтығында емес, не ішіп, не жегенімізде.

***

Қазіргі адамзаттың зардап шегіп отырғаны – аштық емес, көп тамақтану. Артық тамақ ішу қатерлі ісік, жүрек-қан тамыры, диабет, басқа да созылмалы ауруларға әкеледі. Мұны есте ұстауымыз керек.

***

Майлы тағам ғана семіздікке әкеледі деп ойлайды көбі. Бірақ олай емес. Қант пен қантқа ұқсас тәтті де семіздікке әкеледі. Мәселен, кока-кола мен пепси – бұл нағыз денсаулыққа зиян сусындар. Оның орнына адам көкөніс мен жеміс-жидек көбірек жеуі керек.

***

Анасының қандай тамақ iшкенi жатырда жатқан балаға әсер етедi. Егер анасы жүрек-қан тамырлары аурыуымен сырқаттанса, баласы да ауыруы мүмкiн. Қаны аз болады немесе дәл қазiр ой жүйесiнiң жетiспеуi де үлкен мәселеге айналды.

***

Ағзада темiр мен фоли қышқылының жетiспеуi балаларды ақыл-ой кемiстiгiне апарады.

***

Қазір ата-ананың көбі бала не қаласа, соны сатып әпере салатынын, же жегісі келсе, соны алып бере салатыны өтірік емес. Баланың еркелігіне көп қараймыз. Бірақ дұрыс тамақтану олай жүрмейді. Тәтті, газдалған сусын, қытырлақ, чипс, гамбургер мен хот-дог, донер алып беруді қою керек.

***

Газдалған сусын адам ағзасында кальцийдің бәрін шайып кетеді.

***

Зиянды тағам жеген адамның ағзасында мутагенді заттар жиналып қалады. Бұл өз кезегінде қатерлі ісікке әкеледі.

***

Зиянды сусынның орнына дәруменге бай қымыз бен шұбатты ішкен жөн. Қымыз бен шұбат қатерлі ісіктен, диабет пен остеопороздан сақтайды.

***

Баланың рационына жеміс-жидек көбірек қосу керек.

***

Малдың етінен жылқының еті өте пайдалы. Микроэлементтер мол. Тез қортылады. Жылқы етінің майы атеросклерозды емдеуге көмектеседі.

***

Дастарханға балық етін қоюға көбірек көңіл бөліңіз.

***

Әйел адам күніне 1 литрден астам сүт ішу керек. Оның ішіне сүт те, сүзбе мен қаймақ та кіреді. Сүт тағамдарды күнделікті рационда болуы тиіс.

***

Еуропадан кеп жатқан балалар тағамы қазақ балаларына келмейді. Біздің ағзаға оған бейімделмеген. Бұл өнімдері сол батыстағы балалардың өзіне ғана жағады. Оның орнына отандық өнімге назар аудару керек.

***

Менің күнделікті рационым қарапайым. Таңғы асқа қызанақ пен қияр, молынан орамжапырақ жеймін. Түсте – сорпа мен салат. Кешкі асқа көбірек жеміс-жидек жеуді жөн көремін. Қымызды көп ішемін.

Нан, тәтті-пәтті, май жемеймін. Айына бір рет қана тәтті жейтін шығармын. Кейде ол да жоқ.

***

Адам күніне 400 грамм көкөніс жеуі керек.

***

Қазақтың қымызының ерекшелігі – оның жылқысында. Басқа түрік халықтарында да қымыз бар. Бірақ қазақ жылқысы – жабының қымызы ғана қазаққа жағады.

***

Қазақстандықтар үшін қант диабеті, қан қысымы тәрізді сан түрлі аурудан құлан таза айығудың бірден-бір жолы – бие сүті.

***

Өзге малдың сүтінен бие сүтінің үлкен өзгешелігі, мұнда транс май қышқылы атымен жоқ. Өзге малдарға қарағанда, жыл­қының майы да, белогы да өзгеше – нәзік.

***

Мұздатылған етке қарағанда өзімізде шығарылатын салқындатылған еттің немесе осындай еттен жасалатын ет өнімдерінің табиғи қасиеттерінің артықшылығы бар екені түсінікті. Оның үстіне, әр адамның өмірі өзі туып-өскен жерімен, соған бейімделгеннен ағзасы арқылы елмен, ішер асымен тығыз байланыста болады. Қазақ жердің отына байланысты деп айтып жатады емес пе. Мысалы, қымыздың дәмі әр жерде, әр аймақта әр түрлі. Орталық Қазақстан мен Алматының таулы аймағының қымызының дәмі бөлек. Ал басқа мемлекетте өсетін мал, құс еттері, сүті тіптен өзгеше. Батыста бір елдер бар, ондағы қойлардың еті сасық, оны жеуге келмейді. Рас, қойдың аты – қой, бірақ қадір-қасиеті бөлек.

***

Жылқы майы – майқышқылдық құрамы бойынша үйлескен, көп қанықпаған май қышқылдары бойынша оңтайлы қатынаста, құрамында май қышқылдарының трансизомерлері жоқ.

***

«Қой еті – қорғасын» дейді халқымыз. Бірақ қойдың етінде холестерин көп екен деп, одан бас тартуға да болмайды. Әр адамның ағзасында тұтынған тағамның құрамын реттеуші механизм бар. Және ол үздіксіз жұмыс істейді.

***

Жылқы етінің кереметтігі сонда – қой мен сиыр етінен қарағанда 3 есе жылдам.

***

Қымызды ысытып ішуге болмайды. Ең дұрысы – қымызды бөлме температурасымен ішу. Оны тоңазытқышқа қойып салқындатуға да болмайды. Биетің сүтін сауылған бетте жылыдай ішуге болады. Бірақ қымызды жылытып немесе суытып ішу менің ақылыма сыймайды.

***

Нан – қасиетті тағам. Нанды ас атасы деп қабылдаймыз. Бірақ мен көп жылдан бері нансыз өмір сүріп келемін. Мүлде жемеймін десем, жалған болар. Аздап, тиіп-қашып жеймін. Нанның қасиетін жоққа шығарғаным емес. Дегенмен нан семіздікке әкелетін тағам. Ал семіздік – ағзадаға зат алмасу процесін бастап түрлі ауруды пайда қылушы дерт.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button