Денсаулық & Психология

Тамақ ішкен соң жаяу жүрген өте пайдалы – дәрігер кеңесі

Тамақ ішкеннен кейін жаяу жүріп серуендеген қандағы қанттың мөлшерін азайтып, ағзаға күш береді. Серуендеуге 15 минуттың өзі жеткілікті. Осылай дейді АҚШ Диабет қауымдастығының мамандары.

Тамақтан соң ұйқы келетіні белгілі. Бірақ медиктер ұйықтап қалуға болмайтынын айтады. Оның орнына ең дұрысы – серуендеп қайту.

«Адам тамақ ішіп ап, бір орында отыра бергені дұрыс емес. Қанда қант көбейіп кетеді. Әсіресе, көміртегісі мол тамақ ішкенде қант мүлдем көбейіп кетуі мүмкін. Ал қанда қант көбейіп кетсе, қан айналымы нашарлап, жүйке жүйесі мен басқа ағзалардың зақымдануына әкеледі. Қант көбейген сайын, инсулин гормоны да көбейеді. Ал ол қант диабетіне әкеледі», – деп түсіндіреді америка дәрігерлері.

Дәрігерлердің айтуынша, адам тамақ ішкен соң, тоқ басып біраз жаяу жүруі керек. Содан қанда қанттың көбейіп кетуі бәсеңдейді. Тіпті, қанында қанты мол адамдар жаяу жүрсе, айтарлықтай төмендеуі де мүмкін.

Ғалымдар мынандай зерттеу жүргізіп көрген екен. Тәжірибеге алынған адамдарды тамақ ішкен соң, 10 минуттай серуендеткен. Яғни, күніне 3 рет тамақтанса, сәйкесінше, 30 минут уақытын жаяу жүруге жұмсаған. Сонда тамақтан соң серуенге шыққан жандардың қанындағы қант көлемі шықпағандардан әлдеқайда аз болған.

Тамақтан кейінгі серуеннің басқа да пайдалары бар.

Бірінші кезекте, асқазанның қорытуы жақсарады. Ішке түскен ас асқазан, ішек жолымен оңай өтеді.

Екіншіден, іш қатудың алдын алады. Адам жаяу жүрген кезде, асқазанның төменгі бөлігіне массаж жасалады да, ішек жұмысына күш түспейді.

Үшіншіден, күйзелесті жояды. Өмірде күйзеліс көбейсе, тамақтан соң серуендеудің пайдасы ерекше. Таза ауада жүрген адамның ағзасында кортизолдың (стресс гормоны) бөлінісі азаяды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button