Зерттеу: Картоп – қан қысымын көтереді, қызылша – түсіреді
Қан қысымы – кең таралған сырқаттың бірі. Қан артериясына қысым түскенде қатайып, тарылады да, соның кесірінен қан жүрмей қалады (гипертония). Ал жүрек қан жүргізу үшін зорығып жұмыс істеуі мүмкін. Жүрек талмасы содан болады. Ал бұған жеткізбеу үшін қан қысымын барынша азайтқан абзал.
Зерттеушілердің айтуынша, тағам атаулыны қан қысымын көтеріп жіберетін не түсіретін деп екі топқа бөлуге болады. Гарвард медицина мектебінің зерттеушілері 187 мың ер мен әйел адамның деректерін тексеріп, көкөністің қайсысы жүрекке пайдалы, ал қайсы зиян екенін анықтап көрген.
Зерттеу қорытындысынан картоптың қан қысымын көтеріп жіберетіні, ал қызылшаның керісінше түсіруге көмектесетіні белгілі болды. Картоп не картоптан дайындалған азық өнімін аптасына төрт рет тұтынған жандардың қан қысымы басқаларға қарағанда 11 пайыз жоғары болған.
«Картоп гликемиялық индексі жоғары көкөніске жатады. Яғни, қанда қант мөлшерін көбейтіп жіберетін азық түріне жатады дегенді білдіреді», – дейді зерттеу тобының жетекшісі, доктор Сара Брюэр.
Зерттеушілердің айтуынша, картоп қан қысымына шалдықтырады бір ауыздан айтуға келмейді. Бірақ қан қысымына әкелетін себептің, қауіптің бірі деп қорытынды жасауға болады.
«Ал қызылша – қан қысымы жоғары адамдарға өте пайдалы. Қызылшаның құрамында нитрат бар. Ол қан қысымын түсіруге көмектеседі. Қызылшаны қабығымен қосып қайнатып жесе, құба-құп. Қызылша сусынын (сок) күнде ішіп тұрған да жақсы», – дейді Сара Брюэр.
Оқи отырыңыз: Дәрігер қан қысымын түсіретін тамақ түрлерін атады