Ғылым

ҰБТ-2021: Бейінді пәнге қарай қандай мамандық таңдауға болады?

Қазақстанда түлектердің ҰБТ-ны тапсыру кезеңі аяқталуға жақын. Қазір түлектер екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Ол біткен соң, ақырғы алған жақсы балымен жоғары оқу орындарына тапсырады.

Бірақ түлектердің көпшілігі қай мамандықты таңдарын білмей әлі ойланып жүр. Көбі балым қалай болады екен деп жүр. Сол алған ұпайына қарап мамандық таңдамақ.

Айта кеткен жөн, биыл жоғары оқу орындарына түсудің шектік балы – 50. Ал ұлттық жоғары оқу орындарына – 65 балл.

50 балдан асқандардың барлығы мемлекеттік грантқа тапсыра алады. Бірақ ескерер жайттар бар. Мәселен, биыл педагогикалық мамандықтардың мәртебесін көтеруге байланысты 80 балдан асқандар ғана грантқа тапсыра алады. Сол сияқты медицина мен ауыл шаруашылығы мамандықтарына – 60 балл.

Сондай-ақ, бейінді пәннен алған балы 5-тен кем болмауы тиіс.

Ендеше бейінді пәнге байланысты қандай мамандықтарды таңдауға болатынын мына тізімнен қарап біліңіздер.

БИОЛОГИЯ+ГЕОГРАФИЯ

Педагогика және психология

Психология

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Арнайы педагогика мамандарын даярлау

Орман шаруашылығы

Әлеуметтік жұмыс

Қоршаған орта

БИОЛОГИЯ+ХИМИЯ

Химия мұғалімі

Биология мұғалімі

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Өсімдік шаруашылығы

Мал шаруашылығы

Балық шаруашылығы

Ветеринария

Мейірбике ісі

Фармация

Жалпы медицина

Стоматология

Педиатрия

Медициналық диагностика және емдеу технологиялары

Азық-түлік өнімдерін өндіру

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Музыка мұғалімдерін даярлау

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Орындаушылық өнер

Эстрада өнері

Аспап орындау

Музыкатану және өнертану

Дәстүрлі музыка өнері

Дирижерлеу және композиция

Театр өнері

Хореография

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Бейнелеу өнері

Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны

Дінтану және теология

Журналистика және репортер ісі

Сәулет

ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ + ГЕОГРАФИЯ

География мұғалімі

Гуманитарлық пән мұғалімдері

Философия және этика

Тарих және археология

АҒЫЛШЫН ТІЛІ + ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ

Шет тілі мұғалімі (ағылшын тілі мұғалімі)

Шетел филологиясы

Түркітану және шығыстану

Аударма ісі

Мәдениеттану

Саясаттану және азаматтық құқықтану

Туризм

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ + АДАМ.ҚОҒАМ.ҚҰҚЫҚ

Құқық

Құқық қорғау қызметі

МАТЕМАТИКА + ФИЗИКА

Математика мұғалімі

Физика мұғалімі

Информатика мұғалімі

Астрономия

Автокөлік құралдары   

Математика және статистика

Механика

Ақпараттық технологиялар

Ақпараттық қауіпсіздік

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

Химиялық инженерия және процестер

Материалтану және технологиялар

Электр техникасы және энергетика

Электр техникасы және автоматтандыру

Машина жасау

Автокөлік құралдары

Теңіз көлігі және технологиялары

Әуе көлігі және технологиялары

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Металлургия

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Жерге орналастыру

Су ресурстары және суды пайдалану

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Өрт қауіпсіздігі

МАТЕМАТИКА+ГЕОГРАФИЯ

Әлеуметтану

Менеджмент және басқару

Аудит және салық салу

Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Маркетинг және жарнама

Еңбек дағдылары

Кадастр және жерге орналастыру

Көлік қызметтері (Логистика, жүк тасымалы)

Жер туралы ғылым

ХИМИЯ+ФИЗИКА

Химиялық инженерия

ҚАЗАҚ ТІЛІ + ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қазақ филологиясы

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

ОРЫС ТІЛІ + ОРЫС ӘДЕБИЕТІ

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Орыс филологиясы

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button