Ғылым

ҰБТ тапсырмағандар да университетке түсе алады

ҰБТ тапсырып, бірақ шекті балл ала алмаған түлектерге жоғары оқу орнына түсуге жеңілдік беріледі. Яғни, ҰБТ сертификатынсыз-ақ оқуға түсуге болады. Бірақ кейін бәрібір ҰБТ тапсырып, сертификатын өткізуі тиіс.

Білім саласына енгізілгелі отырған бұл жаңалықты ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.

«ҰБТ-ны төрт рет тапсырып, шекті балл жинай алмаған оқушылар бар. Олардың уақытты құр босқа жоғалтып алғаны дұрыс емес. Сондықтан біз оларға жоғары оқу орнына оқуға түсуге мүмкіндік береміз. ҰБТ сертификатынсыз. Бірақ ол ЖОО қабырғасында жүріп бәрібір ҰБТ тапсыруы тиіс. Ал сертификатын кейін әкеліп тапсырса болады», – дейді Тойбаев орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, түлек бірінші жылы ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға мүмкіндік алғаны сынды келесі жылы төрт рет тапсыруға мүмкіндік алады. Демек, ҰБТ-ны келесі жылы тапсырса да болады.  

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button