Әр ер-азамат оқуға тиіс ТОП-5 кітап
Бүгін әр жас жігіт оқуға тиіс романдар тізімін ұсынамыз.
«Өкіл әке»
Марио Пьюзо
20 ғасырда АҚШ-та өркен жайған мафия кланы туралы культті роман. Кейіпкерлер психологиясын терең ашу, гангстерлік өмірден таң қалдыратын детальдар, шытырман оқиға – бәрін де «Өкіл әке»шығармасынан оқи аласыз. Кітап желісі бойынша 1972 жылы режиссер Фрэнсис Форд Коппола алғашқы фильмді түсірді. 1974 жылы екінші, 1990 үшінші экранизациясы шықты.
«Төбелес клубы»
Чак Паланик
Әр жігіттің ішінді бір-бір бүлікші өмір сүреді. Кейбіреулер мұны терең жасырады, ал енді біреулер сыртқа шығара алады. Бұл кітап сол бүлікшілік сезімін сыртқа шығаратындар жайлы. Қиын кезеңдер, ескі дәстүрлерді бұзу, рухани құндылықтардың деградациясы жас ұрпақ үшін ішкі агрессияның катализаторы ретінде қызмет етеді.
«Ұлы Гэтсби»
Фрэнсис Скотт Фицджеральд
Оқиға Нью-Йорк маңында, Лонг-Айлендтің «алтын жағалауы» атанған байлардың виллалары арасында өтеді. 1920 жылдары Бірінші дүниежүзілік соғыстың хаосынан кейін экономикалық өрлеу басталып, Америка қоғамы бұрын-соңды болмаған өркендеу кезеңіне аяқ басты. Сондай-ақ, «құрғақ заң» көптеген бутлегерлерді миллионерге айналдырды және ұйымдасқан қылмыстың дамуына айтарлықтай серпін берді.
«Дхарма қаңғыбастары»
Джек Керуак
«Дхарма қаңғыбастары» – меңіреу қалған бұрыштар мен қайнап жатқан мегаполистің, Буддизм мен Сан-Францискодағы поэтикалық қайта өрлеудің мерекесіндей болған, джаз импровизациясындай әсер қалдыратын мейірімділік пен кішіпейілділікке, даналық пен экстазға сенетін ұрпақтың рухани ізденісі жайлы шығарма.
«Үш жолдас»
Эрих Мария Ремарк
Кітап тағдырдың кез-келген соққысынан қорықпайтын нағыз жігіттердің достығы және нәзік махаббат туралы жазылған. Соғыстан оралған үш жас жігіт өз өмірлерін бір елдің азаматы ретінде жалғастыруға тырысады. Бірақ бәрі біз ойлағандай керемет бола салмйды, оларды әрдайым соғыстың қорқынышты жаңғырығы мазалайды. Соған қарамастан, үш дос бірге барлық сынақтарға табанды түрде төтеп береді.