Ғылым

Грантта оқыған қазақстандықтарға өз мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеу міндеттеледі

Мемлекеттік грантта оқып жүрген студенттер үшін күтпеген жаңалық!

2021 жылы университет бітіретін студенттерді, магистранттарды, докторанттарды тосын сый күтіп тұр.

Егер олар мемлекеттік грантпен оқып жатса, онда бітірген соң олардан 3 жыл бойы өз мамандығы бойынша жұмыс істеу талап етіледі. Бұрын мұндай норма тек дәрігер мен мұғалім мамандықтарын бітірген түлектерге ғана қатысты болса, енді мемлекет есебінен бакалавриат, магистратура және докторантурада оқығандардың барлығы мамандықтарына қарамастан жұмыс істеуге міндетті болады.

Барлық грант иегерлеріне дипломды алғаннан кейін міндетті жұмысқа кірісу үшін дәл қазір жұмыс іздеуді бастауға кеңес береміз.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын түлектердің  грантты жұмыспен өтеу нормаларының жарамдылығы:

2012 жылдан бастап педагогикалық, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша квота шеңберінде оқуға түскен түлектер үшін;

2016 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға түскен түлектерге;

2019 жылдан бастап квота шеңберінде қабылданған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған аймақтарға көшетін ауыл жастарының түлектері үшін;

2021 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа да мамандықтарда оқитын түлектер үшін.

Жұмыс істеу міндеті жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін күшіне енеді. Яғни оқу оқып жүріп, мамандық бойынша істеген жұмысыңыз есепке алынбайды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button