Ғылым

Иттердің құпиясы: Иесінің дертін тапқан (видео)

Ит – адамның досы. Бұл сөзді күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Ауылда, жер үйде, тіпті пәтерде тұратын жандар ит асырауға құмар. Итті адам ауласын, үйін қорғау үшін ғана пайдаланбайды. Зағип жандар көмекші ретінде, дерті бар адамдар қасында бірге жүретін мәңгі жолдасы ретінде де қарайды. Дегенмен біз иттерді толық зерттей алдық па? Олардың біз білмейтін қандай құпиясы бар.

BBC арнасы түсірген «Иттердің құпия өмірі» деп аталатын деректі фильмде ғылыми зерттеулер мен ғалымдардың жасаған тұжырымдары берілген. Онда иттердің қандай құпиясы бары, олардың не ойлайтыны туралы сөз болады.

Иесін ажалдан алып қалған ит

Егер иесінің көңілі жоқ болса, өзін жаман сезініп тұрса, ит оны бірден сезеді екен. Тіпті жаман дертпен ауырғанын ит арқылы білген кейіпкер де бар. Ол өзіндегі обыр дертінің барын итінің мазасыз күйіне қарап анықтаған.

Иттер сал болып қалған немесе өмірден баз кешкен адамдарға қайта өмір сыйлап, олардың қасынан табылып, көмектесуге дайын тұрады. Қолға үйретілген, машықтанған иттерді мал жаюға, зағип жандарды ертіп жүруге үйретеді. Ең қиын жұмыстың бірі – жоғалғандарды табу. Иттер бұл жұмысқа келу үшін ұзақ дайындықтан да өтеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button