Ғылым

Кез келген шет тілінде қысылмай сөйлеудің 5 әдісі

Ауызекі шет тілін үйрену неге қиындық тудырады?

Сөйлесіп бастайтын кезде процесті баяулататын, қиындататын психологиялық тосқауыл пайда болады. Сіз ойыңызша жай сөйлем құрайсыз, бірақ соны айту қиын. Неге?

Егер сіз өзіңіз үйреніп жүрген жаңа тілде сөйлеуді қажет етпейтін жерде оқысаңыз (жұмыс істесеңіз), шет тілінде сөйлесу үшін жеткілікті тәжірибе жинақтауда қиындықтар туындайды.

Сонымен, кез келген тілде еркін сөйлеу үшін қандай әдістерді пайдаланған дұрыс?

СҮЙІКТІ ТЕХНИКАҢЫЗДЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

Техника біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетті. Бұл көптеген міндеттердің, соның ішінде шет тілдерді үйренудің тиімділігін арттырады.

Әрине, сіз тілдің төрт аспектісін (оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау) ешбір техникасыз қолдана аласыз, бірақ компьютерлер, смартфондар, теледидарлар мен планшеттер бізге білім алу процесін тездетуге және оны тиімдірек етуге көмектеседі.

Сонымен, шет тілінде сөйлеу дағдысын дамыту үшін техниканы қалай қолдануға болады?

• Google пайдаланар кезде «O’кей, Google» функциясын қолданыңыз. Google сіздің айтқаныңызды түсіне ме және мәтіндегі сөздер дұрыс көрсетілді ме –  осыларды тексеріңіз.

• Мәселен, My Language Exchange сайтынан шет тілінде онлайн сөйлесу үшін дос табуыңызға болады.

• Өзге тілде сөйлейтін достарыңызбен және туыстарыңызбен Skype арқылы сөйлесіңіз.

• WhatsApp секілді мессенджерлерді достарыңызбен өзіңіз үйреніп жүрген тілде сөйлесу үшін пайдаланыңыз. Оларға сол тілде дыбыстық хабарлама жіберуге тырысыңыз.

ӨЗ КҮНІҢІЗ ЖАЙЛЫ РЕАЛИТИШОУДАҒЫДАЙ БАЯНДАҢЫЗ

Кейде біз өміріміздің барлық салаларына енген технологиялардан қашқымыз келеді. Мұндай жағдайда сөйлесу дағдыларын технологиясыз дамытудың көптеген қызықты әрі шығармашылық тәсілдері бар.

Мәселен, сіз реалити-шоудың қатысушысы болсаңыз, өміріңіз қандай болатыны туралы ойландыңыз ба?

Өз күніңіз туралы айтып беріңіз. Болып жатқан оқиғаларды, істейтін істеріңізді, адамдар, тапсырмалар жайлы, кейде туындайтын мәселелер туралы тек үйреніп жүрген тілде талқылаңыз. Миллион адамдық аудиторияңыз бардай сезініп, өміріңіз туралы барынша көбірек айтыңыз. Мүмкін, тамақ дайындау кезінде сіз өз аудиторияңызға дәл не істеп жатқаныңызды және оны қалай жасау керектігін түсіндіре алатын шығарсыз. Рецептіңізді түсіндіріп, осы тағам не үшін пайдалы екендігін баяндаңыз. Спорттық ойынды қарап отырып, нағыз спорт комментаторы сияқты болып, жатқан көріністі сипаттаңыз.

WORDREFERENCE СӨЗДІК ҚОСЫМШАСЫН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ

Егер сіз ағылшын тілін үйреніп жүрген болсаңыз, WordReference қосымшасы таптырмас құрал десе болады. Ол – ағылшын тілін үйренушілер үшін қажетті ресурстар қатарына кіреді. Қосымшаның бірқатар ерекше артықшылықтары бар. Біріншіден, сіз қайда барсаңыз да, ол жаныңызда. Сізге қалың, ауыр кітаптарды алып жүрудің қажеті жоқ. WordReference басқа қосымшалардың ішінде артықшылығы мол, өйткені оның ауызша сөйлеу тілін қолдануға мүмкіндік беретін екі арнайы функциясы бар. Қосымша сіз үшін таңдалған сөзді оқиды, сөздердің қалай айтылатынын түсінуге көмектеседі. Алайда, ағылшын тілін жетік меңгеру үшін, осы мүмкіндікті барынша пайдалану үшін сөздерді дауыстап айту керек. Екінші функция сөздерді іздеген кезде олардың контекстте қалай қолданылатындығын көре аласыз. Белгілі бір сөзді енгізген кезде сіз сөздердің қолданылуы мен анықтамасын, мысал ретінде берілген сөйлемдерді оқи аласыз.

БАРЛЫҚ СӨЗДІ АУДАРЫҢЫЗ

Бұл жаттығуды да реалити-шоу сияқты өміріңіздің бір бөлігі етуге болады. Мысалы, жолда келе жатқанда билбордтағы жазуды көрсеңіз, оны аударуға тырысыңыз және дыбысталуына назар аударыңыз. Сөйлеміңізді бірнеше рет қайталаңыз. Бұл жаттығуды күнделікті әдетіңізге айналдырыңыз. Ол сізге ағылшынша тілдік барьерден құтылуға көмектеседі.

VERBLING COMMUNITY ВЕБСАЙТЫН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

Жалпы, Verbling қауымдастығы – бұл әр түрлі байланыс топтарының жиынтығы. Адамдар өздерінің тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін топтар құрады да адамдармен сөйлесе алады. Бұл сайтты сіз тіл үйренушілермен немесе сол тілде сөйлейтін адамдармен тегін сөйлесу үшін пайдалануыңызға болады. Адамдар сізге барынша көмектесіп, қателіктеріңізді жөндеуге септігін тигізеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button