Қоғам

Қазақстанда пәтер бағасы қымбаттауын тоқтатты

Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы баға ақырыңдап тұрақтады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, екінші нарықтағы пәтер бағасы биыл наурыздан сәуірге дейін 1,7% қымбаттаған екен. Ал наурыздағы қымбаттау 2 пайызға теңескен еді.

Бірақ пәтер бағасы былтырдан бері біршама қымбаттаған. Яғни, 2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың сәуіріне дейін 24 пайыз қымбаттаған екен.

Ал жаңа үйлердің бағасы бір айдың ішінде 0,8 пайыз ғана қымбаттаса, былтырдан бері 9,2 пайыз қымбаттапты.

Ал пәтер жалдау құны былтырдан бері 10,6 пайыз қымбаттаса, осы жылы наурыздан бері 1 пайыз өскен.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button