Қоғам

Қазақстанда жоғары жалақы алу үшін қандай жұмыс істеу керек?

Қазақстандағы сенімді әрі танымал жұмыс іздеу сайттарының бос орындарын бір порталға жинайтын GorodRabot.kz атты сервис бар. Егер осы платформаны зерттеп қарасаңыз, елімізде қай мамандықтарға сұраныс жоғары екенін және қандай жұмыстарға жақсы ақы төленетінін түсінуге болады.

Біріншіден, Қазақстан қалаларының ішінде Алматыда, Елордада және Қарағандыда жұмыс табу оңай екен. Бұл қалаларда ірі жұмыс орындары көптеп орналасқан және үнемі бос орындар жаңартылып отырады.  

Екіншіден, биыл жұмыс берушілердің 56%-ы 60 000 теңге төлеуге дайын болып шықты, тағы 31%-ы 100 000 теңге жалақыны көрсетті. Бос жұмыс орындарындағы жалақының шамамен 8%-ы 200 000 теңгеден басталады және одан жоғары, ал жоғары жалақысы бар бос жұмыс орындарының 0,2%-ы ғана айына 500 000 теңге беруге дайын.

Қазақстанда айына 500 000 теңгеден алатындар қандай мамандық иелері?

Ең жоғары жалақы жұмысшы кадрлар, құрылыс және жылжымайтын мүлік, ақпараттық технологиялар, жоғары менеджмент және медицина мен фармацевтика салаларында ұсынылады.

Жоғары ақы төленетін бос жұмыс орындарының 64%-ы толық күндік жұмыс орындары, тағы 3%-ы вахталық жұмыс. 500 000 теңге жалақы алатын тек 2 бос жұмыс орны ұсынылыпты. Бұлар қашықтан жұмыс істеу туралы ұсыныстар.

Жұмысшы кадрлар саласындағы ең жоғары жалақы аргон дәнекерлеушілеріне және НАКС дәнекерлеушілеріне ұсынылады. Мұндай мамандардың орташа жалақысы 600 000 теңгеден басталып, 850 000 теңгеге дейін барады.

Жылжымайтын мүлік және құрылыс саласында әртүрлі мамандықтағы инженерлерге – магистральдық құбырларды пайдалану, құрылыс сапасы, техникалық қадағалау, топогеодезия және инженерлік зерттеулер үшін үлкен ақша төлеуге дайын.

Жоғары санатты инженер-құрылысшылардың орташа жалақысы 700 000 теңгеден басталады.

Қазақстандағы ақпараттық технологиялар саласында Java және C++ жасаушы жетекші мамандар жоғары бағаланады, Frontend жасақтаушылары айына 800 000 теңгеден жалақы.

Басқарушылар мен топ-менеджерлердің арасында көбінесе өнім бойынша менеджерлерді, әртүрлі өнеркәсіптік ұйымдардың басшылары мен директорларын жиі іздейді. Олардың жалақысы 500 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін.

Медицина саласында жоғары жалақы төленетін бос жұмыс орындары аз болып шықты. Балалар мен ересектердің стоматолог-дәрігерлеріне 500 000 теңге жалақы ұсынылады екен.

Айта кету керек, барлық жерде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесін қажет етеді.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button