Қазақстанның 17 қаласында үй бағасы қымбаттады
2021 жылдың ақпан айында Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы баға 3,5%-ға өскен. Баға өсімінің максимум көрсеткіші мониторинг жүргізілген барлық 17 қаладан да байқалады.
Тұрғын үй бағасының ең үлкен өсімі еліміздегі үш облыс орталығында байқалды. Бұл үш облыс та бір реттік зейнетақы төлемдерінің мөлшері бойынша алдыңғы қатарда тұрған аймақтар. Сарапшылар, бағаға осы фактор әсер етті деп болжам жасады.
Ақтаудағы 1 шаршы метр тұрғын үйдің орташа құны 13.1%-ға өсті. Бұл қалада 1 шаршы метр 216 975 теңгеге бағалануда. Бұл соңғы үш жылдағы абсолютті максимум көрсеткіш. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2018 жылдың қаңтарында тіркелген болатын.
Екінші орында Орал қаласы, тұрғын үй бағасы 7,8%-ға өскен. Қазіргі уақытта 1 шаршы метрдің нақты құны 246 550 теңгені құрайды. Бұл соңғы 5 жылдағы максимум көрсеткіш.
Тұрғын үй бағасының өсімі жөнінен рекорд жасаған үшінші қала Атырау, мұндағы баға 4,8%-ға қымбаттаған. Ақпанда 1 шаршы метрдің құны 296 700 теңгеге жеткен.
Өскемен мен Ақтөбеде тұрғын үй бағасы 4.3%-ға, Қызылордада 4%-ға өскен. Ақпан айындағы баға Өскеменде (1 шаршы метр үшін) 309 350 теңге, Ақтөбеде 186 400 теңге және Қызылордада 162 925 теңге болды.
Басқа қалалардағы баға көрсеткіші:
– Семей – 244 925 теңге/шаршы метр (+ 3,3%);
– Петропавл – 244 925 теңге/шаршы метр (+ 2,9%);
– Талдықорған – 266 800 теңге/шаршы метр (+ 2,7%);
– Қостанай – 260 175 теңге/шаршы метр (+ 2,5%).
Алматыда тұрғын үй бағасы бір айда 2.4%-ға өсті. Қазір үй бағасының орташа көрсеткіші 1 шаршы үшін 479 425 теңгені құрайды. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Ал Шымкент қаласында пәтердің құны 2,1%-ға өсті. 1 шаршы метр үшін 319 400 теңгеге жетті.
Тараз бен Көкшетауда 1 шаршы метрдің бағасы 2%-ға қымбаттаған. 1 шаршы метр үшін Таразда 219 275 теңге болса, Көкшетауда 268 725 теңге.
Тұрғын үй бағасының өсімі бойынша Елорда соңғы орындардың біріне жайғасты. Өсім 1,6%-бен шектеліп, 1 шаршы метрдің орташа құны 362 850 теңгеге жетті.
Ақпан айындағы үй бағасының ең төменгі қымбаттауы Қарағандыда байқалды, өсім 1,1%-ды құрады. 1 шаршы метр үшін 290 900 теңге.
2020 жылдың ақпан аймен салыстырғандағы өсім
2020 жылғы ақпанмен салыстырғанда Қазақстандағы тұрғын үйлердің орташа бағасы 20,3% -ға өскен. Ең үлкен өсім Павлодарда (34,2%), Петропавлда (33,8%), Өскеменде (31,7%), Шымкентте (26,2%) және Семейде (25%) байқалды.
Ал ең аз өсім Оралда (17,3%), Алматыда (13,7%), Атырауда (12,8%), Ақтауда (6,6%) және Нұр-Сұлтанда (6,2%) болып шықты.
Алайда, зерттеу барысында ұсыныстардың құны ескерілетінін еске саламыз. Сатушылар жоғары баға ұсынғанымен, келісім барысында бағаны төмендетуге мүмкіндігіңіз бар. Әдетте үй сатқысы келген адамдар сатып алушылармен саудаласады. Сол кезде ұсыныс құнына қарағанда арзандау бағаға ала аласыз.
«Qadam.asia»
Тағы оқи отырыңыз:
Жыл басынан бері үй бағасы қымбаттады ма?