Қоғам

1 миллионнан аса Қазақстан азаматының несиесі ақталды – оны қалай білсем болады

Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, 1 162 038 азаматтың 1 262 720 несие келісімшарты жаңартылып, оларға ақталды деген мәртебе берілді. Бұл жайлы Forbes.kz жазды.

Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) мәліметінше, 2021 жылы 9 сәуірде Кредиттерді оңалту мәселесі бойынша қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің №53 қаулысына өзгеріс енгізіліп, несие келісімшартын ақтау және қарау қызметі БКБ-ға берілді. Енді азаматтарының несие тарихы мен оның ақталғаны не ақталмағаны жайлы мәліметтің бәрі БКБ-ның есебінде болмақ.

«Ақтау» мәртебесі жеке тұлғаға емес, несие келісімшартына беріледі. Мына жағдайда несиеге «ақтау» мәртебесі беріледі:

– несие берілгеннен бері төлем қаражаты 90 күні бойы кешіктірілмеген жағдайда;

– несие толық жабылған жағдайда;

– бір несие толық жабылып, екінші несие 12 ай бойы төлемі 30 күннен артық кешіктірілмеген жағдайда.

Бірінші кредиттік бюро базасындағы 9 млн азаматтың несиесі қаралып, 1 млн 160 мыңнан аса азаматтың несие келісімшарты ақталды.

– 7 миллионнан аса азаматтың 33 мыңға жуық несиесі ақтау қажет етпейді (уақытында төлеп отырғандар немесе 90 күннен артық кешіктірмегендер);

– Ал 510 мыңға жуық азаматтың 710 мыңнан аса несие келісімшарты ақтауға келмейді (90 күннен асып кеткендер әрі 12 айда басқа несиесін кешіктіргендер)

Ақтау мәртебесі бір жылда бір рет беріледі. Әрі ақталу мәртебесі берілген жағдайда, кешіктірілген төлемдерінің барлығы кешіріледі.

«Ақтау мәртебесі берілген азаматтарға несиені беру не бермеуді банк пен шағын қаржылық ұйымдардың өздері шешеді», – дейді БКБ.

Ел азаматтарына несиесіне ақтау мәртебесі берілген не берілмегенін egov.kz электронды үкімет порталынан, БКБ-ның 1cb.kz мобильді қосымшасынан, Банк Центркредиттің старбанкинг қосымшасынан, Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Қазпошта бөлімдерінен білуге болады.

Сондай-ақ БКБ-ның қызметкерлерінен кеңес алуға болады. Ол үшін +7 708 971 3934 нөміріндегі Уатсап мессенджерінен ақпарат білуге болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button