Қоғам

Алматыда сирена ойнады. Не жағдай орын алды?

Бүгін сағат 12.55-те қала бойынша сирена ойнады. Алматылықтардың біразы неліктен сирена ойнағанын түсінбей абдырап жатқан болар.

Алайда, Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) алматылықтарды үрейленбеуге шақырады. Сиренаның ойнаған себебі – ТЖД халықты құлақтандыру жүйесінің дайындығына жоспарлы техникалық тексеру жүргізді.

Дәл сол уақытта Алматыда «Назар аударыңыз!» дабылы мен электр сиренасы естілді. Ал, теледидар мен радиодан Төтенше жағдайлар департаментінің хабарландыруы берілді.

Департамент ұжымы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан үрейге бой алдырмай, сабырлы болуды сұрайды. Олар сиренаның ойналатыны туралы алдын-ала хабарлаған болатын.

Бірақ, бұл хабарландыруды оқымаған тұрғындар түсінбей қалғаны да жасырын емес. Ең бастысы, үрейге бой алдыратын себеп жоқ. Бұл ТЖД сынағы екен.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button