Қоғам

Антимонополия қызметі тұрғын үй бағасын көтергендерге қарсы шара бастады

Қазақстанда тұрғын үй бағасын қымбаттатқан құрылыс компанияларының 11-іне ескерту жіберді. Бұл жайлы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Рустам Ахметов айтты.

Оның айтуынша, жыл басынан бері жаңадан салынған тұрғын үйлердің бағасы 5 пайыздай қымбаттаған. Мемөкілдің сөзінше, бұл бағаны негізсіз көтерудің, қымбаттатудың амалы.

«Тұрғын үй нарығына құйылған 1,2 трлн теңге зейнетақы қаржысы бағаны күрт көтеріп жіберді. Біз бағаны ұстап тұру үшін құнды қасақана қымбаттатқан 11 компанияға ескерту жібердік. Олармен келіссөз жүргізудің арқасында баға тұрақталды. Қазіргі баға динамикасы – 0,8 пайыз«, – деп түсіндірді Ахметов.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда тұрғын үй бағасы жыл басындағыдай емес. Қазір қымбаттауын тоқтатты.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button